Аусыл вирустық ауруы туралы реферат
Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы – Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А – 32, С – 5, САТ-1 – жеті, САТ-2 – үш, САТ-3 – төрт, Азия-1 – екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері
бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формаль-
дегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы – ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Аусылмен ауырған сиырдың ауызынан сілекей ағуы.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады
да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі
байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде
7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың
қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы
көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек
параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің
әсерінен өліп кетеді.
Аусылмен ауырған сиырдың тіліндегі күлдіреуік.
Қойда аусыл сиырға қарағанда біршама бәсең өтеді. Негізгі белгісі – дене ыстығының көтерілуі. Ауызда пайда болатын, тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдығының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ уақытқа созылады. Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Экссудативтік процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар қырылып қалады.
Патологоалатомиялық өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең бастысы – ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында қездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты “тарлан” жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегеяеративтік өзгерістер байқалады.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жок антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем емес теңіз тышқанын немесе ұлпа өсіндерін жұқтырады. Жұқтырған кезде тәжірибе екі бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар өзіне тән қан сарысуын жіберіп, екіншісінде қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын бұл әдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін қолданылады.
Ажыратып балау. Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді катарлы қызбадан, обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан, қойда некробактериоздан (сарып), шошқада везикулярлық аурудан ажырату керек. Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауырған малдың сирағы зақымдалады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен есек те ауырады. Оның вирусына ересек тышқан сезімтал, ал аусылдың вирусына жаңа туған тышқан сезімтал келеді. Шошқаның везикулярлық ауруы кезінде басқа мал түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық стоматит бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды, Шешек кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді қатарлы қызба мен сиырдың обасы кезінде тұлқтың көбесі мен тұлқ ашасы зақымданбайды.
Емі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды, жұмсақ жемшөп береді. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Ауызын 2% сірке қышқылының, 1% бор қышқылының, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ерітінділерінің бірі-мен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 2,5 новакаин, 2,5 г. анестезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Болмаса ол үшін йод глицерин, 2% алюминий ашудасын (квасцы) пайдаланады. Тұлқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10% ихтиол майларын жағады, 10-20% формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады. Егер аяғы ақсаған мал көп болса оларды 1% тотыяйын, 5% формалин, 2% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізіп өткізеді. Ауру сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5% новокаин ерітіндісін, 0,5 мл/кг есебінен жібереді, антибиотиктер тағайындайды. Сауын сиырлардың желінін мұқият күтіп, зақымданған терісіне синтомицин эмульсиясын, новокаинді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе бұзауларды реконвалесценттердің (аусылмен ауырып жазылған) қаны не қан сарысуымен емдеу жақсы нэтиже береді. Бұл мақсатпен ауырып жазылған немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон қолданылады. Дұрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфекциялаушы ерітінділер мен майлар арқылы домдау, бүкіл организмнің қуатын арттыру үшін иммундік және басқа да дәрмектерді қолдану ауырған малдың сауығуына кепіл бола алады.
Иммунитет. Аусыл вирусы жұққаннан кейін екі күн өткен соң орны шектелген торшалық иммунитет пайда болады да, ол бойды жайлаған күлдіреуіктер шыққан сәтте әбден күшейеді. Ауру жұққан соң 5 күн өткенде гуморалдық антиденелер пайда болады, олардың қорғаныс қасиеті бар. Иммунитеттің ұзақтығы 1 жылдан 4-5 жылға дейін, ол бейтараптаушы антиденелер жойылғаннан кейін де сақталады. Иммунитет жұққан вирустың қасиеттеріне және мал организмінің иммунологиялық икемділігіне байланысты. Ол әрқашан да себепкер вирустың нақтылы типіне қарсы бағытталады, ал бір типтің әр түрлі варианттарына қарсы айқын иммунитет пайда болады, Бір типке қарсы қалыптасқан иммунитет вирустың басқа типтерінен қорғай алмайды, тек иммунитет өте күшті болса ғана вирустың басқа типтерінен қорғай алады. Бірақ, іс жүзінде мұндай иммунитеттің практикалық маңызы шамалы. Уыз арқылы берілетін колостральдік иммунитет жақсы дамыған. Жас бұзауларда мұндай иммунитет 2-3 аптадан кейін әлсірей бастайды да, 2-3 айлық кезеңге дейін сақталады. Реконвалесцентердің қаны мен қан сарысуы арқылы қалыптасқан енжарт иммунитеттің ұзақтығы 10-12 күннен аспайды. Қазіргі уақытта аусылға қарсы лапинденген моновалентті алюминий су тотықты формалвакцинасы қолданылады. Оны вирусты 2-3 күндік көжектің денесінде өсіру арқылы даярлайды. Сонымен қатар үш валентті ірі қара тілінің эпителийінде Френкельдің әдісімен өсірілген А, О, С типтерінің вакцинасы пайдаланылады, Қой мен сиырдың аусылын дауалау үшін екі валентті өсімдік вирустан даярланған вакцина, шошқа үшін – лапинденген вирустан май қосып даярланған вакцина бар. Егілген малда иммунитет 2-3 апта өткен соң қалыптасып, бір рет еккенде 4-6 ай, екі рет еккенде 6 айдан артық уақыт сақталады. Дауалау және күресу шаралары, Аусылға қарсы шараларды үнемі жетілдіріп, жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде үлкен территориялардың бүл аурудан тұрақты түрде сау болуы қамтамасыз етіледі. Бұған қарамастан кейбір өлкелерде аусылдың індет ошақтары сақталып, тиісті шаралар қолданылмаса аурудың тарап кету қаупі орын алуда. Аусылмен күрес бұл аурудан таза, ветеринариялық қызмет жоғары дәрежеде қойылған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, Австралия) аусылмен ауырған немесе ауру жүдты деп күдіктенген сау емес ферма сондай-ақ шаруашылықтағы барлық ауруға бейім малдарды сойып (стемпингаут), мұқият дезинфекция жүргізіп, індет ошағын толық зарарсыздандыру арқылы іске асырылады. Басқа елдерде, негізінен Еуропада, бұл шаралармен қоса ауруға бейім жануарларды вакциналау қолданылады. Азия, Африка, Оңтүстік Американың бірқатар елдерінде ауруға бейім жануарларды егіп, шектеу-карантин, ветеринариялық-санитариялық шаралар іске асырылады да, ауырған және ауырып жазылған малды сою сирек қолданылады. Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Ол үшін әкелінетін мал, мал өнімдері мен шикізатқа қатаң бақылау жүргізіп, айнала иммунді аймақ қалыптастырылады. Аусылдың мүмкін болатын табиғи қорламалары (мысалы, киіктер арасында) есепке алынып, одан ауруды үй жануарларына жұқтырмау шаралары қарастырылады. Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша тиым салынуы мүмкін. Індет ошағын шектеп, оған тэулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жолдарды жауып, шлагбаум орнатады. Барлық ауырған малдарды оқшаулап, емдейді. Ауру мал тұрған қораны күн сайын, басқаларын үш күнде бір рет 2% күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды. Аусылдан сау өлкеде ең алғаш ауруға шалдыққан малдарды сол жердің өзінде тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып сояды. Етті шаруашылықтың өзінде пайдаланады, оны шикідей шетке әкетуге тиым салынады. Сүтті қайнатқан немесе пастерлеген соң ғана әкетуге болады. Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 26 күн өткенде алынады. Карантин аларда барлық қораларды, аулаларды, саймандар мен көлікті мұқият қорытынды дезинфекциялайды. Карантин алынған соң да шектеу сақталынады. Шектеу шаралары бойынша бір жылға дейін ауырып жазылған малды шетке шығаруға болмайды. Ауырып жазылған бүданың шәуетін үш айға дейін пайдалануға болмайды. Ауырған мал жайылған жайылым бір жылға дейін пайдаланылмайды. Шаруашылыққа аусылға қарсы егілген малды ғана, егілген соң 23 күн өткенде экелуге рұқсат етіледі.
baribar.kz
Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
МазмұныНормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … .. 8
1Негізгі
бөлім … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … .9
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік
реттеу … … … … … … … … … … … .. … .9
1.2Сиырдың аусыл
ауруы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … ..13
1.2.1 Аусыл қоздырғышының
төзімділігі … … … … … … … … … … … … … … … … 13
1.2.2 Аусыл қоздырғышының антигендік
қасиеттері … … … … … … . … … … … .14
1.2.3 Аусыл қоздырғышының шоғырлануы және
репродукциясы … … … … … .. 15
өсіру … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… …15
1.2.5 Аусыл ауруын балау
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … …15
1.2.6Аусыл ауруының иммунитеті және арнамалы дауалау
… … … … … … … … 17
1.3 Инфекциялық ауруларды дауалау
шаралары … … … … … … … … … … … … …20
1.4 Жануарларды инфекциялық ауруларға қарсы
иммундеу … … … … … … … … 22
2 Өзіндік
зерттеу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..2 6
3Техника
қауіпсіздігі … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .29
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … …30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
… … … … … … … … … … … … … … … … … … …31
Аннотация
Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Сиырдың аусыл ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық
жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер,
кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1 сурет қамтылған.
Курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 – Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 – Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 – Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 – Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 – Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалықжағдайлар
МЖМБС 24861-91 – Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 – Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
МЖМБС 28085-89 – Биологиялық препараттар
Анықтамалар
Дезтосқауыл – ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Паразит – белгілі бір организм иесінің ішінде не сыртында тоғышарлық ету
Анемия – қан аздық
Холангит – өт жолының қабынуы
Холеоцистит – өт қалтасының қабынуы
Эмульгирленген вакциналар — иммуногенезді күшейту үшін майлы адъювант
қосылған вакциналар.
Афталар – күлдіреуіктер
Вирустың антигендік дрейфі – вирустың өзгерген түрлері, қоздырушының
өзгеруі, олардың антигендік құрылымының өзгеруі
Вирус репродукциясы – вирустың көбеюі
Адсорбция – вирустың клеткаға жабысуы
Дезинфекция – микроорганизмдерге қарсы шара
Дератизация – кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация – вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Ф. 7. 04 – 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
__________________________кафедрасы
___________________________________ пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.
Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні
Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні
Шымкент 2016ж.
Ф. 7. 05 – 04
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
______________________________кафед расы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2016ж.
№____Тапсырмасы
___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______
№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7
Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________
Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 – 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
___________________________________ ____
жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты – жөні)
_______________2016ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №____
___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________
Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________
Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын
арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты
мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе –
малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын алу. Қазіргі нарықтық
экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым
көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі
жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының
едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік
иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және
артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2010-2011 жылдардағы өткізіп отырған
ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі
ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі
тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің
сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең
таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Аусыл — жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Бұл
аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол енеке, антилопа
және т.б. ауырады. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары,
желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы күлдіреуікті
зақымдануларымен сипатталады.
Табиғи жағдайларда аусыл вирустарын ірі қара, қой, ешкі, шошқа
қабылдағыш келеді. Әсіресе, жас төлдер бұзаулар мен торайлардың ауруға
бейімділігі өте көп болады. Аусылмен буйболдар, бұғылар, бұландар,
қабандар, бөкендер де ауырады. Ал, жылқы мен тауыққа аусыл жұқпайды.
Аусылдан сақтандыру үшін әртүрлі вакциналар мен гипериммунды қан сарысуы
қолданылады.
Ауырып жазылған малда пайда болған иммунитет 1 жылға созылады. Аусылдың
бір типпен ауырған мал басқа типтерден сақтай алмайды. Яғни вирустың басқа
түрлеріне қарсы иммунитет пайда болмайды.
Негізінен аусыл вирусын жұқтырушы көздері — ауру немесе ауырып
жазылған мал болады. Ауырып жазылған малдың организмінде аусылдың вирусы
8—12 ай бойы сақталады. Мұндай малдың ет өнімінде де аусылдың вирусы
болады. Ауру малдың организмінен вирустар сыртқа сілекейі, несебі, сүті,
нәжісі арқылы шығады.
Курстық жұмыстың мақсаты – сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу [1,2].
1 Негізгі бөлім
1.1Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру,
жүзеге асыруға;
2) осы Заңның 1-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтің жекелеген
түрлерін жүргізуге мемлекеттік манаполяны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз
етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы
халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринриялық ережелер мен
нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс шаралар
өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары
деңгейіне жетуге;
7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында
ветеринариялық іс шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді өткізуді негізсіз
шектеулерге жол бермеуге;
8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойлатын
және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгілеуге
бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветеринария саласындағы құзіретіне:
1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлеу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен
диагностикасы жөніндегі республикалық бағдарламаларды бекіту;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы
бойынша ветеринария саласындағы нормативтік құқықтың актілерді
қабылдау немесе бекіту;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша,
профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті
ауруларының тізбесін қабылдау немесе бекіту;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып
қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен
шартарын белгілеу;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария
саласындағы ынтымақтастық;
7) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне
сәйкес ветеринария саласында басқа да функцияларды жүзеге асыру
кіреді.
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесі
Қазақстан Респуликасының ветеринария жүйесіне:
1) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын бөлімшелері;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
4) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке және
заңды тұлғалар кіреді.
Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары
1.Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына;
1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік бақылау постылары бар шекарадағы және көліктегі мемлекеттік
ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелері;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық,
республикалық маңызы бар қаланың аумақтық бөлімшелері;
4) селолық округтердің, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
органдары бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және
өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық,
қалалық, аумақтық бөлімшелері жатады.
2.Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің басшылары бір мезгілде – Қазақстан Республикасы мен тиісті
аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың
орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиісті аумақтардың бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары бола алады. Ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы әкімшілік мемлекеттік
қызметшілердің тиісті лауазымдарына қоса бас мемлекеттік инспектор, бас
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар
беруге құқылы.
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзіреті
Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерінің құзіретіне:
1) ветеринария саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы
және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
тізбесін әзірлеу;
4) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы,
диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру мен
қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халықтың денсаулығын
жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара
ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды
ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды,
тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының ветеринари саласындағы заңдарында
белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс шараларды, ветеринариялық
ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есептілік
нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтерді
лицензиялау;
10) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария
саласындағы жұмыстарды, ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен
ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау тапсырыстарын орындау
жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік
конкурстық және тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;
11) жануарлар аурулары бойынша індет мониторингін ұйымдастыру және індет
жағдайын зерделеу;
12) жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс шаралар, белгіленген
ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы
мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу
сынағынан өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды
мемлекеттік тізілімін жүгізу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар беру;
15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және
жүргізу;
16) Мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды
пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария
саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан
өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
18) Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге
асыру.
Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
бөлімшелері
1.Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы
мынандай қызметтерді:
1) тиісті мемлекеттік органдарга тиесілі жануарлар ауруларына
профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу;
2) тиісті мемлекеттік органдарға тиесілі мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметін
жүзеге асыратын бөлімшелер құра алады.
2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда,
ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлігінде
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа
алады.
3. Мемлекеттік органдарды осы баптың 1-тармағында аталған бөлімшелері
ветеринариялық есеппен жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының
ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы
құзіреті
1.Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрып,
олардың құрылымын, қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз
етілу тәртібін белгілей алады.
2.Жергілікті атқарушы органдар ветеринариялық инспекторларға олардың
мемлекеттік ветеринриялық қадағалау функцияларын атқаруына көмек көрсетеді,
ауру жануарларды санитарлық союды қоса алғанда, ветеринариялық іс шаралар
жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органдардың шешімі
бойынша оларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады
[9].
1.2Сиырдың аусыл ауруы
Аусыл — Аphtae episooticae — жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде
өтетін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол
енеке, антилопа және т.б. ауырады.
Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ
арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы күлдіреуікті
зақымдануларымен сипатталады.
Қоздырушысы. Жоғарыда көрсетілгендей бұл қоздырушы РНҚ-лы бар вирустарға
тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, афтовирус туыстығына жатады. 1898
жылы бұл вирусты Леффлер мен Фрош ашқан.
Морфологиясы. Вирус жай, қабықшасыз, пішіні сферикалық, капсид
симметриясы куб тәрізді. Ультрафильтрация әдісімен және электрондық
микроскоппен вирус мөлшері 20-25 нм екендігі анықталды. РНҚ-ның стратегиясы
“оң жіпті”. Вирионның құрамы да құрылысы да өте қарапайым. Капсидіндегі
капсомерлер куб тәрізді орналасқан, ал саны 32. Вирионның м.м. 7.106,
седиментация константасы — 140 8, тығыздығы — 1,43 гсм3.
Химиялық құрамы — аусыл вирусының құрамына 31,5% РНҚ кіреді. РНҚ 8450
нуклеотидтерден тұрады, бір жіпшелі, М.м.-2,3-2,8.106. Вирус геномы мутация
ұшырайтын қасиетіне байланысты қоздырушы көп типтерге, тип тармағына
бөлінеді, пайда болған вирус мутанттары әртүрлі өзгерген антигендік
құрылымдарымен сипатталады.
Мысалы, вирус құрамындағы VРІ полипептидінде аминқышқылдарының 130-160
орналасу ретінде антигендік детерминанта ең жиі өзгеріп отырады, яғни
вариабелдігі өзгергіштігі өте жоғары. Қазіргі кезде, ғалымдар осы
антигендік детерминантаны кодтайтын РНҚ-дағы генді анықтаған.
Вирустың құрамында РНҚ-нан басқа 68,5% белоктары бар. Олардың ішінде
–VР1, РV2, VР3, VР4, Vро, VРq құрылымды полипептидтері кіреді.
Бұл белоктар бір-бірінен аминқышқылдар құрамы және саны арқылы
өзгешеленеді. Ал ең көп зерттелінген — VРІ белогы, ол 213 аминқышқылдарынан
тұрады. Полипептидтердің атқаратын қызметтері әртүрлі. Мысалы, VРІ
белоктары көмегімен вирус сезімтал клеткалар мембранасына жабыса алады, ал
VР2 белогы вирустарға тұрақтылықты береді [1,2].
1.2.1 Аусыл қоздырғышының төзімділігі
Химиялық және физикалық әсерлер аусыл вирусын не бұзады, не инактивтейді
вирус құрылымы сақталады да, ал ауру туғызатын қасиеті жойылады немесе
мутацияға ұшыратады, ал басқа жағдайда консервілейді вирус ұзақ уақытқа
сақталады, биологиялық қасиеттері өзгермейді.
Атап айтқанда, төменгі температура вирусты сақтайды, ал жоғарғы
температура, VК-сәулесі, ортаның төменгі және жоғарғы рН-вирусты бұзады.
Гамма сәулелері де аусыл вирусын инактивтейді. Бұл вирус сілтілерге
сезімтал келеді, сондықтан дезинфекцияда химиялық заттардан көбінесе 1-2%
NаОН, 2% формалин ерітінділері қолданылады.
Креолин, фенол, крезол, лизол әсерлері шамалы.
Аусыл вирусы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Жайылымдарда бұл
қоздырушы жайылымның келесі мезгіліне дейін сақталуы мүмкін. Күн
сәулелерінің әсерінен вирустар 15-18 күннен кейін өледі, ал қыста 1 айға
дейін, сұйық қида 100 күнге дейін сақталады.
Жазда аусыл вирусы 40-50 күнге дейін өз белсенділігін жоймайды,
зарарланған жем-шөпте вирус жазда 20 күнге дейін, ал қыста 6-7 айға дейін
сақталады [1,2,3,4].
1.2.2 Аусыл қоздырғышының антигендік қасиеттері
Аусыл вирусы А,О,С, SАТ1, SАТ2, SАТ3 және Азия 1 иммунологиялық типтерге
түрлерге бөлінеді. Бұл типтерді бір-бірінен ангигендік қасиеттері арқылы
ажыратуға болады.
Вирустың әр типі тип тармақтарына бөлінеді. Қазіргі кезде аусыл вирусында
80 аса тип тармақтары бар.
Вирус антигенінің көп түрлері РНҚ-дағы нуклеотидтік жүйесінін өзгеруіне
байланысты. Сөйтіп, вирустың биологиялық антигендік, ауру туғызатын
қасиеттері өзгеріп отырады. Әсіресе вирустың А типінде байқалалы-32
варианттары бар, ал О түрінде —14, С-5, SАТ1-10, SАТ2-3, SАТ3 – 4, Азия 1-3
тармақтары анықталған.
Вирустың идентификациясы, яғни түрін анықтауы серологиялық реакцияларда
жүргізіледі. Ауырған мал организмінде аусыл вирусына қарсы вирусты
бейтараптандыратын антиденелер түзеледі, бұл антиденелер вирустың сырт
жағында орналасқан VТІ белогына қарсы синтезделеді, қоздырушының
иммуногендік қасиеттері осы VРІ белогына байланысты.
Ескере кстетін жағдай, індетаралық кезеңде аусыл вирусының өзгерген
түрлері байқалады, ал қоздырушының өзгеруі, олардың антигендік құрылымының
өзгеруіне байланысты, мұны вирустың антигендік дрейфі деп атайды.
Тағыда бір көрсете кететін жайт вирустың кейбір варианттары мысалы, А1
-ден бастап А4-ке дейін бірақ рет қана кездеседі, ал басқа бір варианттары
мысалы, А5, А22, О1, О2, С1,С3 әлсін-әлсін кездеседі де үлкен
эпизоотиялық қауіптікке ұшыратады, ал вирустың тағы бір басқа түрлері
(мысалы, О3, О8, А10, А13 А16, А17, А19, А25, А30, С2) табиғатта көрінбей
кетті.
Сондай-ақ мал организмінде комплемент байланыстырушы, преципитиндеуші
антиденелер де түзеледі [1,2,3,4].
1.2.3 Аусыл қоздырғышының шоғырлануы және репродукциясы
Аурудың клиникалық белгілері байқалмай тұрып ірі қарада аусыл вирусын
сүтте, спермада табуға болады.
Ал вирусты көп мөлшерде везикулалардың сүйығында және эпителийде бөліп
алады.
Вирус ағзаға тыныс және асқорыту жолдары, тері арқылы енеді, ал
организмде вирус лимфа арқылы таралады. Содан кейін қоздырушы лимфа
түйіндеріне жетіп, қанға түседі де сезімтал клеткаларымен тоқымаларда
шоғырланады.
Ауырған мал организмінде вирус мұрын және ауыз қуыстарының, өңеш,
месқарын кілегейлі қабықтарында, жұлық терісінде, тұяқ арасында көбейеді.
Вирус репродукциясы адсорбция, ену, депротеинизация қабықшаларынан
босану, транскрипция, трансляция, репликация, вирус бөлшектерінің жиналуы
және жетілген вириондардың клеткадан шығу сатыларынан тұрады. Репродукция
клетка цитоплазмасында өтеді.
Аусыл вирусымен зақымдалған клеткалардың өз белоктарының синтезі тежеледі
де вирустар нуклеин қышқылы мен белоктарының түзүлуі басталады. Жиналған
вирус компоненттері клеткалық құрылыстарға зақымын келтіреді. Сөйтіп,
лизосомалар бұзылады, олардың ішіндегі заттар клетканы аутолизге ұшыратады,
вирустың цитопатогендік әсері клеткалардың митозының бұзылуымен де
байқалады.
Вирус тез арада көбейеді, ағзаның қорғаныс иммунологиялық реакциялары
вирустың репродукциясын басып үлгермейді, бірақ-та бірнеше күннен кейін
организмнің қорғану қабілеттері күшейеді, сөйтіп, вирусқа қарсы тұратын
реакциялар пайда болады: алғашқы ошақта қабыну реакциясы, ацидоз, гипоксия
дамиды, жергілікті температура жоғарлайды [1,3,4,5,6].
1.2.4Аусыл қоздырғышын өсіру
Аусыл вирусын жасаңды жағдайда өсіруге болады. Атап айтқанда:
– шалдыққыш малдардың бүйрегінен алған клетка өсіндісінде;
– клетка өсіндісінде, алғашқы рет М. және X. Мейтландтар 1931 жылы ірі
қара эмбрионының терісінде вирусты өсірген, кейінрек Френкель ірі қара
тілінің кілегейлі қабығынан алынған клетка өсіндісінде аусыл вирусын
өсіруге болатынын дәлелдеді;
– зертханалық жануарлар организмінде – теңіз шошқалары, жаңа туған ақ
тышқандар мен үй қояндары;
– табиғи шалдыққыш мал организмінде – ірі қарада, ұсақ малда, шошқада.
1.2.5Аусыл ауруын балау
Алдын ала балаудын әдістері:
1.Эпизоотологиялық – аусылдың эпизоотологиясының ерекшелігі қоздырушының
биологиялық қасиеттеріне байланысты. Бұл ауру өте жұқпалы контагиозды
жұғымтал түрде өтеді, ал инкубациялық кезеңі қысқа болады, індеттің
экологиясы вирустың мал организмінде ұзақ уақыт болуымен байланысты.
Сөйтіп, қоздырушының табиғатта, сыртқы ортада сақталатының оның экологиялық
нишалары бар екенін және бұл вирустың типтерінің, тип тармақтарының
көптігін ескерген жөн.
Аусыл вирусының ең кең таралған А. О, С түрлері, ал SАТ1, SАТ2, SАТ3
түрлері тек Африка мемлекеттерінде кездеседі. Азия 1 түрі Азия
мемлекеттерінде ғана болады. Қазақстан Республикасында аусыл
эпизоотологиясында киіктердің ролі өте үлкен, себебі олар таза аудандарға
ауған кезде індетті біраз жерлерге апарып жұқтырады.
2.Клиникалық — аусылда анық клиникалық белгілер пайда болады: ауыз, тіл
кілегейлі қабықтарында афталар, күлдіреуіктер (везикулалар) пайда болады.
12-36 сағаттан кейін афталар жарылып, орындарында қызыл эррозия қалады.
Сонымен қатар афталар тұмсықта, жұлықта, желінде, тұяқ арасында байқалады.
Ауру малда дене ыстығы көтеріледі, аузынан сілекей ағады, ақсайды, пульсі,
тыныс алуы жиілейді.
3.Патологиялық -анатомиялық өзгерістер. Сірі, кілегейлі қабықтарда қанның
құйылғаны, тіл, ұрт, өңеш, мес қарын, жүрек етінде афталардың пайда болғаны
байқалады.
Зертханалық балау. Патологиялық материалды афталардың құрамынан,
іргесінен, өңештің, жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарынан қырындыны алады.
Вирустың индикациясы төменгі әдістермен іске асады:
1) өсіндісінде – бұзау не торай бүйректерінен дайындаған алғашқы
-трипсинделінген клеткаларда. Вирустың ЦПӘ клеткалардың ерекше бұзылуымен
көрінеді.
2) зертханалық жануарлар организмінде биосынама қою – жаңа туған
тышқандар мен теңіз шошқаларға зерттейтін материалды тері астына немесе
құрсақ қуысына жұқтырады.
3) табиғи – шалдыққыш малға биосынама қою (ірі қара), вирусы бар
материалды тілдің кілегейлі қабығының әр жерлеріне және саусақ ұлпасына
жұқтырады.
Вирустың серологиялық идентификациясы:
КБР- белгілі, арнамалы (аусыл вирусына қарсы алынған) қан сарысуы
көмегімен вирустың типін және тип тармағын анықтайды;
ДПР, БР, ИФТ. ККИЭФ да қолдануға болады.
Ретроспективтік балау. Ауырған, немесе ауырып жазылған малдың қан
сарысуында ДПР, КБР т.б. реакцияларда пайда болған антиденелерді анықтайды.
Ажыратып балау. Аусылды везикулярлы стоматиттен, шошқаның везикулярлы
ауруынан, везикулярлы экзантемадан ажырату керек [1,3,4,5,6].
1.2.6 Аусыл ауруының иммунитеті және арнамалы дауалау
Аусылға қарсы иммунитетте организмнің арнамалы (спецификалық) және
бейарнамалы қорғану факторлары іске қосылады. Аусыл вирусының тез арада
көбеюіне және инкубациялық кезеңінің қысқалығына байланысты иммунитеттің
арнамалы гуморальды механизмдері кешігеді, сөйтіп, алғашқы кезде клеткалық
эффекторлардың белсендігі күшейеді. Кейінен, организмнің гуморальдық
иммунитеті дамиды да вирусты бейтараптандыратын антиденелердің ролі
үлкейеді. Гендік инженерлік вакциналар. Енжар иммундеу – аусылдан
сақтандыру үшін гиперим-мунды қан сарысуын не реконвалесцентердің (ауырып
жазылған мал) қан сарысуын қолданады.
Аусыл ауруының вирусы көлемі 8—12µ-дей-ақ болады. Ол микробиологиялық
тәжірибеде қолданылатын сүзгіштен өтіп кететін, электрлік теріс қуатты
заряды бар және РНК касиеті бар вирустар тобына жатады. рН ортасында (сынау
үшін жасалынған зат) сыналғанда вирус өте сезімталдық білдіргенімен рН-7,5
мен 7,7 ортасында кері нәтиже байқатады. Ол рН 6,0-дан бастап, сақарлы
(сілтілі) рН 11,0-дік өте қышқыл орталарда тез күйрейді.
Табиғи жағдайларда аусыл вирустарын ірі қара, қой, ешкі, шошқа
қабылдағыш келеді. Әсіресе, жас төлдер бұзаулар мен торайлардың ауруға
бейімділігі өте көп болады. Аусылмен буйболдар, бұғылар, бұландар,
қабандар, бөкендер де ауырады. Ал, жылқы мен тауыққа аусыл жұқпайды.
Аусылдан сақтандыру үшін әртүрлі вакциналар мен гипериммунды қан сарысуы
қолданылады.
Лапинделген моновалентті алюминий гидрототыкты формолвакциналар. Сонымен
қатар, сорбирленген вакциналар (егудің сапасын арттыру үшін сапонин
қосылған), инактивтелген моно – және поливалентті вакциналар қолданылады.
Эмульгирленген вакциналар — иммуногенезді күшейту үшін майлы адъювант
қосылған вакциналар.
Ауырып жазылған малда пайда болған иммунитет 1 жылға созылады. Аусылдың
бір типпен ауырған мал басқа типтерден сақтай алмайды. Яғни вирустың басқа
түрлеріне қарсы иммунитет пайда болмайды.
Негізінен аусыл вирусын жұқтырушы көздері — ауру немесе ауырып
жазылған мал болады. Ауырып жазылған малдың организмінде аусылдың вирусы
8—12 ай бойы сақталады. Мұндай малдың ет өнімінде де аусылдың вирусы
болады. Ауру малдың организмінен вирустар сыртқа сілекейі, несебі, сүті,
нәжісі арқылы шығады.
Көбінесе ауру малға аэрогендік, алиментарлық, және аралас жүру
жолдарымен жұғады. Ең алдымен ауру мал мен сау малдың бірге жүрген
кездерінде сілекей арқылы көздің, мұрынның және басқа органдардың кілегей
қабықтарының жаралы жері, тіпті ақауы жоқ жері арқылы да аусылдың вирустары
организмге кіреді.
Екінші жағдайда, аусылдың қоздырғышы организмге тыныс жолдарымен ауа
арқылы да кіреді. Үшінші жағдайда, аусылдың вирусы жұққан жемшөппен,
сумен бірге асқазан арқылы организмге кіріп, ішке түседі.
Аурудың жасырын кезеңі 2—7 күнге созылады. Сырқат қатерлі де,
қатерсіз түрде де етуі мүмкін. Ауру мал аузының ішкі кілегей қабықтарының
күлдіреп ісінуінен басталады, әсіресе жас малдардың қызуы,ерекше (41,0-
41,5°С) көтеріледі. Дене қызуы 12—24 сағат уақыт өткен соң, яғни екінші рет
күлдіреу пайда болған кезде қайтады.
Екінші рет күлдіреу пайда болған кезде, ауру малдың сілекейі шұбырып,
жемге тәбеті шаппай, шөпті самарқау, жейді. Ауру өрши келе ауыз ішінің,
мұрынның, көмекейдің кілегей кабықтарында, сондай-ақ тұмсық ұшында үлкенді-
кішілі көлемде үлдіреген ісіктер пайда болады, іші түссіз сұйық затқа толып
тұрады да, кейінірек өңі күңгірттеніп өзгереді.
Арада 1—3 күн өткен соң күлдіректер жарылып, олардың орны қызарып,
жолақтанып тұрады да, бір-екі күн өткеннен кейін бетін қабықтар жабады.
Кілегей қабықтарда күлдіректер пайда болған кезде тұяқ ашалары мен
ұяшықтарында, желінде зақымданған ошақтар көрінеді. Зақымданған жерлердің
терісі ісіп, қатты сырқырап ауырады. Біраз уақыт өткен соң, бұл жерден
күлдірек ісіктер пайда болады. Ауру асқынбаса, сауығып кетеді.
Егер терінің зақымданған бөлігі жарақатты болса, осы жарақат арқылы
тканьге ірің тәрізді және басқа да микрофлора кірсе, онда аусыл асқынып,
некротиялық зақым тереңдеп өршиді.
Аусылдың қатерлі кезінде малдың дене қызуы (41-42°С) ерекше
көтеріліп, самарқау тартып, әлсірейді де , күйіс қайырудан қалады. Ауру
малдың бұлшық еттері дірілдеп, жиі-жиі демалады, тынысы (минутта — 80—100
айналым) тарылып, демігеді. Аурудың дендеуіне байланысты жүректің соғу
ырғағы бұзылып, қызметі әлсірейді.
Әсіресе жас малдың өлім-жітімі көп болады. Ауру мал созалаңдап барып
жазылады.
Аусылмен ауырып өлген малдың еті арық болады. Өлген ірі қараны
сойғанда аусыл болған малдың ауызының кілегей қабықтарында, тұмсығының
ұшында, сондай-ақ желінінде және аяқтарының құйқа жиектері мен жұмсақ
еттерінде күлдіреген ісік, іріңдеген өзгерістер көрінеді.
Аусылдың сырқаты қатерлі кезінде, жүректің бұлшық еттерінде
өзгерістер байқалады. Жүрек көлемі ұлғайып, ішкі қабы мен үлпершегінде
қанталаған нүктелер болады.
Ал жүректің бұлшық еттері болжырап, түсі сұрғылттанып, азғындауы
айқын көрінеді. Сондай-ақ кілегей қабықтарда, тері қыртысының астыңғы
клеткаларында, бұлшық еттер аралық дәнекер тканьдерде, көк шандырда, көк
етте … жалғасы
stud.kz
Реферат: Биология | Аусыл » ZHARAR © 2019
АусылАусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы – Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А – 32, С – 5, САТ-1 – жеті, САТ-2 – үш, САТ-3 – төрт, Азия-1 – екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері
бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формаль-
дегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы – ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Аусылмен ауырған сиырдың ауызынан сілекей ағуы.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады
да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі
байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде
7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың
қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы
көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек
параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің
әсерінен өліп кетеді.
Аусылмен ауырған сиырдың тіліндегі күлдіреуік.
Қойда аусыл сиырға қарағанда біршама бәсең өтеді. Негізгі белгісі – дене ыстығының көтерілуі. Ауызда пайда болатын, тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдығының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ уақытқа созылады. Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Экссудативтік процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар қырылып қалады.
Патологоалатомиялық өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең бастысы – ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында қездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты “тарлан” жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегеяеративтік өзгерістер байқалады.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жок антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем емес теңіз тышқанын немесе ұлпа өсіндерін жұқтырады. Жұқтырған кезде тәжірибе екі бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар өзіне тән қан сарысуын жіберіп, екіншісінде қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын бұл әдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін қолданылады.
Ажыратып балау. Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді катарлы қызбадан, обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан, қойда некробактериоздан (сарып), шошқада везикулярлық аурудан ажырату керек. Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауырған малдың сирағы зақымдалады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен есек те ауырады. Оның вирусына ересек тышқан сезімтал, ал аусылдың вирусына жаңа туған тышқан сезімтал келеді. Шошқаның везикулярлық ауруы кезінде басқа мал түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық стоматит бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды, Шешек кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді қатарлы қызба мен сиырдың обасы кезінде тұлқтың көбесі мен тұлқ ашасы зақымданбайды.
Емі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды, жұмсақ жемшөп береді. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Ауызын 2% сірке қышқылының, 1% бор қышқылының, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ерітінділерінің бірі-мен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 2,5 новакаин, 2,5 г. анестезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Болмаса ол үшін йод глицерин, 2% алюминий ашудасын (квасцы) пайдаланады. Тұлқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10% ихтиол майларын жағады, 10-20% формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады. Егер аяғы ақсаған мал көп болса оларды 1% тотыяйын, 5% формалин, 2% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізіп өткізеді. Ауру сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5% новокаин ерітіндісін, 0,5 мл/кг есебінен жібереді, антибиотиктер тағайындайды. Сауын сиырлардың желінін мұқият күтіп, зақымданған терісіне синтомицин эмульсиясын, новокаинді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе бұзауларды реконвалесценттердің (аусылмен ауырып жазылған) қаны не қан сарысуымен емдеу жақсы нэтиже береді. Бұл мақсатпен ауырып жазылған немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон қолданылады. Дұрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфекциялаушы ерітінділер мен майлар арқылы домдау, бүкіл организмнің қуатын арттыру үшін иммундік және басқа да дәрмектерді қолдану ауырған малдың сауығуына кепіл бола алады…..
www.zharar.com
» Blog Archive » Аусыл – вирустық ауру
Аусыл – тым жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой-ешкі, түйе, бұғы және көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы мәлімет бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды күткенде, адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрде өтеді.
Жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қора-жай, әр түрлі құрал саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, сирақтары, зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогенді жолмен енеді.
Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы, қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда қайталанады.
Өтуі және симптомдары: аурудың өзіне тән белгілері ересек ірі қара малда айқын байқалады да, басқа бейім жануарларда, мысалы, бұзауда, қозыда, торайда аурудың белгілері өзіне тән болмайды.
Аурудың бірінші белгісі жануар денесінің ыстығы 41 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуі болып табылады. Ауырған мал қатты қиналып, тамыр соғуы жиілеп, аузының кілегейлі қабығы мен көзінің айналасы қызарады, күйіс қайтаруы тоқтап, сүті қайтады, қаңсары құрғап, тұяқ көбесі домбыға бастайды. Мал басын төмен созып, жиі ыңырсиды, шөпті аса сақтықпен шайнайды да, ауырсынып жұтынады, қатты шөлдейді.Зақымданған аяғын баспауға тырысып, аяқтарын кезек-кезек алмастырып басып тұрады.
Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткен соң терінің жұқа жерлерінде қызарған бөрткендер пайда болады. Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында, күлдіреуіктер (афта) көрінеді, олар дөңгелек немесе сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Шөп жегенде, сауғанда, сирағына әр түрлі заттар тигенде пайда болған күлдіреуіктер 2-3 күннен кейін жарылады.
Аусыл байқалған шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген территория анықталады. Ауданның, қаланың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібі белгіленіп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша тиым салынуы тиіс.
Індет ошағын шектеп, оған тәулік бойы кезекшілік тағайындалады. Жолдарды жауып, шлагбаум орнатылады.
Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 21 күн өткенде алынады.
«ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
«Сәтбаев қаласының ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Опубликовано 06 Сен 2013 в 00:57. В рубрике: Разное. Вы можете следить за ответами к этой записи через RSS 2.0. Отзывы и пинг пока закрыты.
www.sharayna.kz
Ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл ІҚМ өкілдеріне (ірі қара мал, қой, шошқа) қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде, сонымен қатар терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген экзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі – көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бұл ауру адамға да беріледі.
Аурудың тарихы Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған. Өте кіші көлемдегі фильтрленетін вирус аусыл тудырады. Лёффлер мен Фрош 1897 жылы жануарларда анықталған бірінші вирусты ашты. Жүн жамылғыда аусыл вирусы 30 күнге дейін сақталады, мал азығында 30-дан 150 күнге дейін, жүнде 14 күн, теріден тігілген аяқ киімде 80 күн, ал резина аяқ киімде 100 күндей, құмда 15 күн және т.б. Вирус елдің бір шетінен екінші шетіне немесе бір елден екінші елге оңай көшіріледі, себебі ол жануарлар арасында суаруға арналған шелектер, адамның киімі мен аяқ киімі, оның қолдары, әсіресе, көп мөлшерде сілекей бөлінуі байқалған ауру жануарлар арқылы тез беріледіЖануарларға зертханалық тәжірибелер жасау үшін көбінесе жас тышқандар мен теңіз шошқаларын пайдаланады. Аусыл тарауының маңызды себептерінің бірі – жабайы егеуқұйрықтар. Аусылдың негізгі белгілерінің бірі оның көп түрлілігі. Ауру вирустардың әртүрлілігімен тудырылуы мүмкін. 40 жылдан астам уақыт бойы Еуропа континентінде вирустың 3 түрі белгілі: А, О, С олардың әрқайсысының түрлері көп. А типінің 28 түрі, О типінің 11, ал С типінің 4 түрі бар. Вирустың осы 3 түрі тудыратын ауру белгілері ұқсас болғанымен, олардың антигендік қасиеттері әртүрлі. Себебі, вирустың бір типін жұқтыру арқылы ауырған немесе оған сол типке қарсы еккен жануарда вирустың басқа түріне иммунитет болмайды. Англиядағы (Пирбрайт) институттың қызметкерлері Брускби мен Галловей 1958 жылдың мамыр айында Халықаралық Эпизоотикалық бюроның (Париж) сессиясында жасаған баяндамада олар Африка мен Азияда белгілі еуропалық А, О, С типтерінен мүлдем басқа типтерді, соның ішінде Африкалық SATb SAT7, 5АТ3, Азиялық азия типін анықтағанын жариялады.Спецификалық профилактика және иммунитет Вирустың белгілі бір түрімен ауырған жануарларда оған иммунитет қалыптасады. Иммунитет ірі қара малда 8-12 айға дейін, шошқаларда 8-10 айға дейін, қойларда 18 айға дейін созылады. Бұзаулар колостралдық иммунитеті жақсы болғанына қарамастан, уыз ішпеген болса, оларда екпе антиденелер болмайды. Бұзауларды пассив қорғау 3 айға дейін сақталады. Вирус жұқтыру қаупі бар шаруашылықтарда аусылдан имундық профилактика және вирус қоздырғыштарының оянуынан қорғау немесе қолайсыз аймақтар мен аусыл пайда болу қаупі жоғары зоналарға арнайы инактивацияланған вакциналар дайындалды және қолданылады. Аусыл ауруы мен оның типтерін зерттеу Аусылдың жер-жерде кезең-кезеңмен пайда болуы (интервал әр төрт-бес жыл сайын) аусыл вирусының көптеген түрлерін зерттеу және Африка мен Азияда жаңа типтерін анықтау жолымен ғылыми түсінідірілуі мүмкін.Вирустың әрбір ауқымды оянуы жаңа типтің немесе вирустың басқа түрінің пайда болуымен түсіндіріледі. Аусылдың басты ерекшелігі бір сәтте таралуы және жоғары контагиоздығы, бұл жануарларда қарқынды және прогрессивті дамып отырады. Адам аусыл вирусын тек ауру малдан жұқтырады. Аусыл ауруын емдеу Әдетте емдеу рәсімін аусыл вирусының тарау ошағы үлкен елдерде өткізеді. ТМД елдері аумағында аусылдың алғашқы ошағы пайда болса, ауру малдарды емдемейді. Аурудың алғашқы кезеңдерінде гипериммундық екпе немесе реконвалесценттер қан (екпе) пайдаланған жағдайда күкірт терапиясы рәсімі тиімді. Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ асқынудың алдын алу үшін ауруларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады, оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер немесе тері мен шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі.
Сакен ТИЛЕМИСОВ, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы. |
kyzmet-gazeti.kz
Аусыл (нщур) вирусы
Вирус кызбалык жағдаймея ауыздьщ шырышты қабығы мев терінің ойык жараларымев (афталар) сипатталатын ауруды тудырады.
Аусылдьщ вирустык табиғатыв 1S98 ж. Ф. Леффлер мен П. Фрош авықтаған.
Таксономнясы, морфологнясы, антигендік қүрылымы. Аусыл қоздырғышы РНҚ күрамды вирус, Picomaviridae түкымдасьша, Aphthovirus туысына жатады. Морфологиясы мев хишшшқ күрамы бойыыша басқа викорновирустарға үксайды. Внрустьщ 7 серологиялық типтерІ белтілі.
Дақылды өсіру. Вирусты цитопатиялық әсер тудыратын жасуша дакьшында зертх.анальщ жавуарларда өсіреді.
Резистентгілігі. Внрус үзақ уақыт қоршағав ортада (бІрнеше апта), тағам өнімдерівде сақталады, көитеген химиялык заттарға түрақты, сілті, қышқыл, пастеризация, қайнату әсерінен инактивацияланады.
Эиидемиологиясы. Аусыл – ауыр эпидемиялық зоонозды инфекция. Аусыл вирусывың табнғатгағы табиғн резервуары жәве адам үшів инфекция көзі ауру малдар, оның ішінде негізінен ірі қара мал болып табылады. Вирус ауру малдьщ сүті, сілекей, зәр арқылы бөліведі. Негізгі таралу кезі-катьшасты-түрмыстық, фекалды- оралды берілу жолы да мүмків. Адам ауру малды күткен кезде жөне піспеген сүт пен сүт өвімдері арқылы жүғады. Адамнын аусылға сезімталдығы жоғары емес. Аусыдмев ауырған адам тек жавуарларға қауіпті.
Патогенезі және клвникалық белгілері. Вирус адам ағзасына шырышты қабык жөне зақымдалғав тері арқылы енеді. Енген қақпа орнында 2-5 күннев кейів алғашқы белгі – мөлдір сұйыкгықка толы көшршіктср пайда болады, кейів олар бүлыңғыр – сары түске айналады. Содая кейін вирустар қавға түсІп, кайтадан теріге немесе шьфышты қабыққа енеді де екіншілік көвтеген афт даьгуыв туғызады, ол кейінірек тілшеді. Ауру кызудьщ көтерілуімея ілесе жүреді, бірақ болжамы жағымды.
Иммунитеті. Узақ емес, типтіспецификалык иммуннтет қалыптасады.
Микробнологиялык диагностикасы. Зерттелетін материал -жараньщ кұрамы, қак, зәр. Вирусты теңіз шошқаларывда (аяқ табандарьша енгізу), жаңа туылғав тышқандарда, жасуша дақылында бөледі; КБР, ИФР көмегімен идентифнкациялайды. Аурудьщ серологнялык диагностикасы үшін КБР, БР, ИФТ көмегімен антиденелерді аныктаиды.
Арнайы сақтандыру және емдеу. Адамдарда арнайы сақтандыру өвделмеген. Ауылшаруашылық малдарьша инакгивацияланған дакылдық вакцина егеді. Емдеу белгілеріне байланысты.
Желді шешек және белдеуші герпес (ұшық) вирусы
Вирус екі жүдпалы ауру тудырады: 1) экзогенді зақымдау нәтижесінде әдетте балаларда пайда болатын желді шешек; 2) белдеуші герпес (herpes zoster) – бала кезінде шешекпен ауырған ересектерде жиі дамитын – эндогенді инфекция. Аурулар көпіршікті бөртпенің тері мен пшрышты қабаттарда болуымен ерекшеленеді. Вирус 1911 жылы ашылған Таксономнясы. Желді шешек пен белдеуші герпес вирусы ДНҚ-лы, Heipesviridae гұқымдасы (грек сезінен herpes – жорғалаушы), Varicellavirus туыстығына жатады.
Морфологиясы, химнядык құрамы, антигендік қүрылымы. Вириовдары сопақша пішінді болады, қүрамында сызықты екі жіпті ДНҚ-сы бар жұрекшеден және гликопротейдті тікен тәрізді липоііротейдті қабықшадан түрады. Ішкі жүрекшелік және сыртқы антигендерін бөледі. Вирустьщ антигендік вариантары аныхталмаған.
Дақылды есіру. Вирустар цитопатакалыв; әсер көрсехе (симпласттар) және ядроішілік қосындылар түзе отырып біріншілікті және қайта өрілу жасуша дақылдарывда көбейеді.
Резистентгілігі. Вирус қоршаған ортада түрақсыз, термолабилды, май еріткіжгер мен дезинфекциялық заттарға сезімтал.
Жануарлардыц сезімталдығы. Вирус зертханалық жануарлар үшін патогенді емес.
Эпидемиологиясы. Желді шешек барлық жерде таралған, қоздырғышқа сезімталдық өте жоғары. Эпидемиялык күрт көбеюі күз-қыс кезеңінде, негізінен мектепке дейінгі балалар арасьшда ұйымдастырылған ұжымдарда ііркеледі. Ересектер де ауруы мүмкін. Инфекция көзі тек қана науқас адам. Таралу механизмі – аэрогенді, Вирустардың қоршаған ортаға бөлінуі көпіршіісгі бөртпелердің бүгіндігі бұзылғанда іске асады.
Белдеущі герпес негізінен ересек адамдарды зақымдайды, спорадиялық сипатга болады, көрнекті маусымдьшығы жоқ. Беадеуші герпеспен ауырған науқастар балалардағы желді шешекгің көзі болуы мүмкін.
Патогенезі жзне клиникалық көрінісі. Қоздырғышшң ену қақпасы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты болып табылады, онда вирустар көбейіп, қанға өтеді, тері эшпелиі мен шырышты қабаттарды зақымдайды (дерматотршшзм – теріге талғамдылық).
Желді шешектің жасырьш кезеңі 14-21 күн, Ауру дене қызуымен, денедегі және ауыздвд шырышты қабатындағы көпіршікгі бөргаенің пайда болуымен, аранньщ шырьшпъі қабатының бөртуімен сипатталады. Бөртаелер табиғи шешектің бөртпелеріне ұқсас келеді (аурудьщ аты осыған байланысты). Қабыктары тускеннен кейін тыртықтар қалмайды. Асқынулары (пневмония, энцефалиттер және т.б.) сирек болады. Белдеуші герпес балалық шағында жедді шешекпен ауырған адамдарда пайда болады. Вирус омыртқа аралық түшндердіц жұйке жасушалық ұзақ сақталуы мүмкін және аурулар, жарақаттар, онерациялар мен басқа да иммунитетгі темендегетін факторлардьщ нетижесінде онын белсенділігі жоғарылайды. Ауру кызбамен, зақымданған жүйкенің жүрісі бойындағы (жиі қабырға аралық) көпірпшсті бвртаелермен, ауырсыну синдромымен сипатталады.
Иммунитеті, Желді шешекпен ауырғаннан кейін өмірлік иммунитет қальштасады, бірақ ағзада вирус сақталып, кейбір адамдарда белдеуші герпесгің қайталавуы (рецидиві) мүмкін.
Мнкробвологиялық диагностикасы. Зертгеу материалы бөртпелердін бөліндісі, мүрын-жү-пдашшақ бөлінісі, қан больш табылады. Жедел диагностшса свулелік микроскоп астьшда орасан үлкен көп ядролы жасушалар – дцроішілік қосылыстары бар симнлаетарды Романовский-Гимзе бойынша боялған бөртпелерден алынған жағындыдан анықтауға, сонымен қатар моноклоналды антиденелермен ИФР вткізгенде спецификалық антигенді аныктауға негізделген, Вирустарды жасуша дақылдарында бөліп алады, БР мен ИФР көмегімен вдентификациялайды. Серологаялық диагносгакасывда антиденелерді анықтау үшін БР, ЙФТ, КБР қолданылады.
Арнайы сақтандыруы мен емдеуі. Тірі вакцина өвделіп жасалғаямен, белсенді яммунизация жұргізілмейді. Жел шешек оінақтарында әлсіз балаларға иммундьшодуляторлар қолданылады. Белдеуші герпесгі емдеу үшін ацикловир, терферон және иммундашодуляторлар қолданылады. Бөртпе элементгерін бриллианггы көкпен немесе калий перманганатымен өндейді.
Иллюстративті материал |
studfiles.net
аусыл – это… Что такое аусыл?
аусыл — зат. Аша тұяқты малдардың (әсіресе сиырдың) аяғы ақсап, аузынан сілекейі шұбырып, ауыратын жұқпалы ауруы … Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі
тілбас — … Шындап кетсе, түйе малында кездесетін қарабез (жамандат), сарысу (су ауруы), т і л б а с (аусыл), құмыр (өкпе құрт), сүмек (жілік құрт), көкжорға (буын ісігі), қотыр, қоскіндік сияқты ауруларға өзінің де ем дом қолданатыны бар (А.Сейдімбеков,… … Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
бактериологиялық қару — (Бактериологическое (биологическое) оружие) жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микро организмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Б.қ дың негізі ауру туғызатын… … Казахский толковый терминологический словарь по военному делу
кәсәл — Қ орда., Қарм.; Қост., Аман.) ауру, сырқат, дерт, кесел. Ол к ә с ә л боп, үйде жатыр (Қост., Аман.). Сиыр малынан аусыл деген к әс ә л бізің колхозда көбірек болды Қ орда., Қарм.) … Қазақ тілінің аймақтық сөздігі
жамандату — зат. в ет. сөйл. Жамандат. Әсіресе оларды маңқа, ж а м а н д а т у, қан аздылық, күс, жем түсу сияқты жұқпалы аурулардан сақтау керек (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 53). Кітапшада малда көп болатын топалаң, ж а м а н д а т у, маңқа, күл, аусыл, қотыр… … Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
көнтақ — зат. в ет. сөйл. Көнтек. К ө н т а қ – қойдың сырт жүнінің арасы қалың күс болып жүні түсіп қалатын қышыма ауруы (Қазақша мал атаулары, 130). Қазіргі күндері мал сүйегі көмілген жайылымдарды дезинфекцияламау салдарынан к ө н т а қ, топалаң, аусыл … Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
қағын — зат. в ет. Аусыл ауруының түйеде болатын түрі. Аусылдың түйеде «қ а ғ ы н» және «теңге» деген түрі бар (Қаз. этнография., 1, 276) … Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
сүмек — … Шындап кетсе, түйе малында кездесетін қарабез (жамандат), сарысу (су ауруы), тілбас (аусыл), құмыр (өкпе құрт), с ү м е к (жілік құрты), көкжорға (буын ісігі), қотыр, қоскіндік сияқты ауруларға өзінің де ем дом қолданатыны бар (А.Сейдімбеков,… … Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
kazakh_russian.academic.ru