Конспекты казахскому языку на тему “Манжазба”
М.Тынышбаев атындағы КазККА Ақтау көлік колледжі
Мәнжазба
Тақырыбы: АҚШ(1914-1918)
Орындаған: АТС 9\15-01 тобының
1курс студенті Құралбай А.Д
Тексерген: Тарих пәнінің оқытушысы,
магистр Абылаева Ж.Д
Ақтау, 2015 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 1917-1918 жж. соғыс қимылының АҚШ-қа әсері
2.2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың АҚШ-тың экономикасына тигізген әсері
2.3. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-
қайшылықтар. Вильсонның «14 тармағы»
2.4. Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
2.5. Версаль бітімшарты
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді.
II.Негізгі бөлім
2.1. 1917-1918 жж. соғыс қимылының АҚШ-қа әсері
1917 жылдың басында Германия коалициясының жағдайы аса ауыр болды. Германия адам ресурстарының жетіспеушілігін басынан өткізді. Ол 1917 жылдың көктемінде небәрі отыз ғана дивизия жасақтады. 1916 жылдың 29 тамызында Германияның әскери қолбасшылығы генерал-фельдмаршал фон Гиндербургке жүктелді. Күзде ол 1917 жылғы соғыс қимылдарының жоспарын дайындады.
Бұл жоспар бойынша барлық майдандағы шабуылдар тоқтатылып, майдан желілері қысқартылды. Бүкіл экономика әскери мекеменің қолына берілді. 16-60 жас аралығындағы барлық ер адамдар әскерге шақырылды.
Антанта жағында экономика, қаржы және адам ресурстары басым болды. Оған қоса суасты соғысы АҚШ-тың мүддесіне тікелей қайшы келіп, оның сауда флотына қауіп төнді.
Немістер толассыз суасты соғысын жүргізді. Осы оқиғаға дейін Еуропа істеріне араласпай,бейтараптық сақтап келген АҚШ Германияға қарсы соғыс жариялауға шешім қабылдады.
1917 жылдың басында Антанта елдерінің 439 дивизиясы болса,Германия блогында 333 дивизия болды.
АҚШ-тан кейін Куба, Панама, Бразилия,Гватемала, Гондурас, Никарагуа,Перу, Уругвай, Коста-Рика және Гаити Германияға қарсы соғыс жариялады.
2.2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың
АҚШ-тың экономикасына тигізген әсері
Бірінші дүниежүзілік соғыс көп қиындықтарды және үркіншіліктерді барлық соғысушы мемлекеттерге әкелді. Бірақ АҚШ территориясында соғыс жүргізілбегендіктен, бұл мемлекет Еуропалық мемлекеттерге қарағанда жаудың басқыншылығын сынамады. Соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың экономикасы бекіді және әлемдегі орны әлде қайда бекемделді.
Еуропалық мемлекеттердің әлсіреуін қолданып, АҚШ олардың дайын өнімдерін, шикізат базаларын басып алды.
Әскери тапсырыстар тек қана соғыс жұмыскерлеріне ғана емес, басқа да экономикалық секторларында жүргізілді
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан туындаған, халықаралық қаржылық дағдарыс 1914 жылы болып өтті. Себебі – АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия үкіметтерініңәскери әрекеттерді қаржыландыру үшін, шет елдік эмитенттердің қағаздарын жан-жақты сатуынан болды. Бұл дағдарыстың басқалардан айырмашылығы, орталықтан шалғайларға таралған жоқ, ал, соғысып жатқан тараптар шет елдік активтерді жойғаннан кейін, бірнеше елде бір мезетте басталды. Бұл, барлық нарықтарда тауар нарығының да, ақша нарығының да күйреуіне әкеп соқтырды. АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы және бірнеше басқа елдердегі әбігерлік орталық банктердің нарықты уақытында басып алуынан жеңілденді.
Соғыстан кейінгі дефляцияға (ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің артуына) және рецессияға (өндірістің құлдырауына) байланысты, келесі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1920-1922 жылдары болып өтті.
2.3 Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске
жеткен елдер арасындағы қарама- қайшылықтар
Вильсонның «14 тармағы»
Соғыстың соңына қарай капиталистік дүниенің жаңа күштерінің арасалмағы анықталды. Әрбір державаның көздеген мақсаты мен материалдық табысқа жетуінің өзіндік жоспарлары болды. Соғыстың үшінші жылында ғана шайқасқа тартылған АҚШ одақтастарына ірі несие беруші және қуатты елге айналды. Осыдан келіп АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзін қайта құру бағдарламасы қалыптасып, онда халықаралық қарым-қатынастардың жаңа принциптері белгіленді. Бұл мәселе президент В.Вильсонның 1918 жылы 18 каңтарда АҚШ конгресіне жолдаған «14 тармағында» баяндалып, халыққа жарияланды. Оларда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында отарлар мен ықпал етуші аймақтарын қайта бөлісу, Антанта елдері арасындағы барлық құпия келісімдерді жариялау, жерде, теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кеден кедергілерін жою және халықаралық деңгейде «ашық есік» пен «тең мүмкіндік» принциптерін мойындау, қару-жарақ шығаруды шектеу, келіссөздерді ашық және жария түрде жүргізу мәселелері көтерілді. АҚШ Бельгияны қалпына келтіруді, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасын құру қажет деп есептеді. В.Вильсонның бұл ұстанымдары дүниежүзілік саясаттағы жаңа пікір болатын.
Ұлыбритания алға қойған міндеттерін Париж конференциясына дейін жүзеге асырды. Оның көздегені — қарсыласы Германияны әлсірету және ұлы державалар қатарынан шығару еді. Осман империясының Таяу Шығыстағы үлкен иеліктерінде Германияның ықпалы жойылып, Англия ықпалының күшеюі оның күш-қуатын барынша арттырды. Африкадағы герман отарларын Англия, Франция, Бельгия, Оңтүстік Африка Одағы бөлісуге келіскен.
Соғыстың барысында Франция қатты зардап шекті. Ол несие беруші елден қарыздар елге айналды. Германияның мейлінше әлсіреуін міндет еткен Франция, оны бұрынғыдай ұсак мемлекеттерге бөлу жоспарын құрды, оларды Францияның әскери-саяси одақтастығымен байланысқан елдердің ықпалына бағындыруды көздеді. Франция үкіметі Рейнге дейін шекарасын кеңейту, Германияға барынша төлемақы төлету және Осман империясының иеліктерін өз үлесіне беру сияқты талаптарын да ұсынды.
Бітім конференциясының барысында кешегі одақтастар арасында шиеленіскен алауыздықтар пайда болды. Президент Вильсонның «14 тармағы» негізіне сүйенген келіссөздер барысында жеңіске жеткен елдер өз жоспарларынан бас тартпауға, мүддесін ешкімге бергісі келмеді. Антанта Италияны өз жағына соғысқа тарту үшін оған жер беруге уәде берген еді, Италия осы жерлерді конференцияда талап етті. Ал Италияның қуатсыз соғыс күші бұл иеліктерді алуға қауқарсыз болды. Сондықтан Италияның қойған талаптары орынсыз көрінді. Румыния 1916 жылы өзіне уәде етілген Трансильвания, Буковина және Банат иеліктерін беруді талап етті. Ол 1918 жылы Бессарабияны жаулап алды. Сондықтан Париж конференциясында бұл мәселе талқыланбай қалуы мүмкін емес еді.
2.4. Париж конференциясы Версаль-Вашингтон жүйесі
Соғыстың қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- мен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
– халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
– ірі капиталист! к елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
– Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты – дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жара- ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние жүзінде көмірдің 50% өндірді; автомобильдің 85% шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» – деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
– Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
– дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
– барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;
– отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
– қару-жарақты қысқарту;
– Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
– дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру.
2.5. Версаль бітімшарты
Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының Айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемлекеттерге өтті. Германия бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия Францияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті. Бельгия Эйпен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 1/8 бөлігі мен халқының 1/12 бөлігінен, отарларынан айырылды. Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдык әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер бір жақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы (1920 ж.) соғыс шығындарынын (репарация) жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен (27 қараша, 1919 ж.), Венгриямен, Түркиямен бітім-шартқа қол қоюмен аяқталды.Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма- нияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің — бөлігінен айырылды.Екіншіден, Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берілді. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды.Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды.
ІІІ.Қорытынды
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп,Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар
IV.Пайдаланылған әдебиеттер:
http://kitaptar.com/node/1013
Версаль-Вашингтон жүйесі
Ә. Шүпеков, К. Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Сембинов «Дүниежүзі тарихы», 2014ж.
infourok.ru
реферат сырты үлгісі қазақша | X.topreferat.com.kz
4.7 358 реферат сырты үлгісі қазақша
Международный казахско-турецкий университет имени Х. А …
МКТУ — Международный казахско-турецкий университет (каз. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, тур. Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi) — высшее учебное заведение расположенное в городе Туркестан Южно-Казахстанской области, Республики Казахстан.
ru.wikipedia.org
қазақша рефераттар. рефераты на казахском языке бесплатно …
қазақша рефераттар. рефераты на казахском. TauPark Қасқасу – новое место для отдыха. Каскасу рафтинг. Каскасу зона отдыха. Каскасу-шымкент. Қасқасу Каскасу Kaskasu ожидает Вас в своем сказочном великолепии!
www.kaskasu.kz
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік …
Университет жарғылары · Ішкі Нормативтік Құжаттар · ОҚМУ Корпоративтік этика кодексі – ішкі тәртіп ережесі · Сапа менеджменті жүйесі · Аккредитация · Оқуға түсу · Бакалавриат · Магистратура · Докторантура · Студенттерге · Жатақхана · Білім Беру Гранттарына Бос Орындар · Типтік оқу бағдарламасы.
www.ukgu.kz
Қазақ елі
Биыл елдіктің айрықша нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына – 25 жыл. Ал Қазақстан үшін осы маңызды мәселе туралы сөз қозғала қалса, ойға бірден Жандарбек Мәлібековтің есімі оралады. Ол 1992 жылы Мемлекеттік рәміздерге жарияланған конкурс туралы хабарландыруды …
www.qazaq-alemi.kz
Жас қолөнерші – YouTube
27 Қаз 2013 … Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын « Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. қолөнер қолөнер бұйымдары қолөнер…
www.youtube.com
МАТЕРИАЛДАРЫ МАТЕРИАЛЫ
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2012 – қазақша, орысша II бөлім – 525 б. ISBN 978-601-7352-15-8 ….. долинами на отдельные повышения – сырты. Абсолютные высоты этих регионов …… Алынған сырдың бұл үлгісі басқалардан жақсы болғанмен, оның консистенциясы …
library.wkau.kz
ФАКУЛЬТЕТ ЖЫЛНАМАСЫ
рекреациялық пайдаланудың көптеген түрлері дамыған. Алакөл көлдер жүйесіне ұйымдастырылған экспедициялық зерттеулер көліктік қолжетімдігі жоғары халық жиы қоныстанған жағажайлық демалысты дамытуға қолайлы аумақтардағы жағалаулардың су қорғау аймағында сырты қоршалған жеке.
kaznpu.kz
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Региональная конференция Международного валютного фонда (МВФ) для стран Кавказа и Центральной Азии «Основы экономической политики для поддержания и укрепления региональной и глобальной интеграции». 17 Апреля 2018. 15. Международная научно-практическая конференция « Обеспечение …
www.enu.kz
алматы технологиялық университетінің 60 жылдығына арналған
жыл) – Алматы: АТУ, 2017. -345 б. қазақша, орысша, ағылшынша. ISBN 978 – 601-263-407-5 …… Бақылау үлгісі. 100/90. 75. Тек асқабақ шыр. 100/95. 90. Сонымен, өнімге қосылатын асқабақ шырының концентрациясына байланысты жылулық өңдеу кезінде ылғалды сақтай алу қасиеті және соған сәйкес …
distance.atu.kz
КТЖ
Пользователям личного кабинета доступны следующие услуги: оперативно и достоверно получать информацию о движении денежных средств;; иметь несколько карт прикрепленных к одному счету;; получать выписку со счета, с указанием всех операций в разрезе станций.
epay.railways.kz
Реферат — Уикипедия
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама.
kk-m.wiki.ng
Реферат (титулка).doc
vk.comx.topreferat.com.kz
Үндінің сұлу сазды рагасы – Музыка – Bilim
Үндінің сұлу сазды рагасы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Құмсай ауылы
Құмсай негізі мектебі
Жалғасова Ақниет Сағинбайқызы
Сыныбы: 5
Пәні: музыка
Сабақтың тақырыбы: Үндінің сұлу сазды рагасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың үндінің сұлу сазды рагасы туралы білім мен білік дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқыған материалды қорытындылай, саралай алуға үйрету. Өз ойын ашық жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспелер, білім пирамидасы, сөзжұмбақ, ребус, слайд,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық «Махараджа» ертегісі
Үнді елінде Махараджа өзіне министр таңдайды. Ол былай деп жарлық салады. Кімде-кім қала қабырғасына дейін толы сүті бар құмыраны төбесіне қойып, төкпей толық әкелу керек дейді. Көптеген адам жүріп өтеді, бірақ жолда әр нәрсеге қарап, сүтті төгіп алады. Ал енді біреуі төкпей әкеледі. Жан-жақтағылар оған айқайлап қорқытып, әр нәрсеге алдандырады. Сонда да ол төкпей әкеледі. Сол кезде Махараджа: мен саған айқайлап, қорқытқандарды көрдім сен қалай төкпей әкелдің деп сұрайды? Жоқ мен тек сүтке қарадым, бар назарымды сүтке аудардым,-дейді әлгі адам. Ендеше барлығымыз бар ойымызды тек қана сабағымызға назар аударайық.
2. Топқа бөлу (Нота тобы. Скрипка тобы)
ІІ. «Білім пирамдасын» тұрғызу (балалар біз бүгін «Білім пирамидасын» тұрғызамыз, яғни құрылысшы рөлінде боламыз. Пирамиданы тұрғызбас бұрын алдымен құрылыс орнын тазалап алайық. Тазалық-денсаулық кепілі дегендей )
Құрылыс орнын тазалау. (Тақтаның бір бөлігін құрылыс алаңы деп алып, оған шашылып жатқан қоқыс ретінде түрлі-түсті қима қағаздар жапсырылады. Әр қағаздың астында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауап беру арқылы құрылыс орнын тазалап алады.) 7 минут
• Үндінің би өнері қалай пайда болған?
• Бхаратнатьям қандай би?
• Катхакали қандай би?
• Катхак қандай би?
• Манипури қандай би?
• Үндіде қол мен саусақтың қимылдарын қалай атайды?
• Дене қимылы қалай аталады?
• Көз бен қас биі деген не?
2. Іргетасын тұрғызу (жаңа тақырыпты ашу) РАГА сөзіне сөзжұмбақ.
1. Үнді актерінің Айшвария – РАЙ
2. «Келін» фильмінің басты кейіпкері – Ананди
3. «Зита мен……» флильмі – Гита
4. Анандидің өз есімі – Авика. Осы есімдердің басты әріптерін қосып жасырынған сөзді тап.
5. Жасырынған сөздердің бас әріптерін сөзжұмбақтың басқы әрпі етіп шешіп көр. Жауабы – РАГА. Бұл біздің сабағымыздың тақырыбы.
3. Бірінші қабатты тұрғызу. (мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.) (7 минут)
Джигсо әдісі бойынша жаңа тақырыпты өздері оқып, фишбоунға салып қорғайды.
Раганы тыңдату.
4. Екінші қабатты тұрғызу. Музыкалық сауаттылық. (Алдыңғы сабақта үйренген «Көзімнің қарасы» әнін үйренуді жалғастыру)
5. Сергіту сәтін жасаймыз (5 минут)
6. Ең жоғарғы қабатты тұрғызу. Жұптық жұмыс (5 минут)
Кім көп біледі деп аталады? Мұнда до, ре, ми, фа, си, до нотасын қоса отырып сөз құрау. (сиыр, такси, сипау, төре, ребус, резенке, т.с.с. )
7. Ребус. Мына ребусты шешсеңіздер тақырыпқа байланысты сөйлемді оқуға болады.
IІІ. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқу. «Үндінің рагасы» Мәнжазба жазу.
ІV. Кері байланыс.
Бүгін сабақ қызықты әрі түсінікті болды.
Әлі де түсінбеген сұрақтарым бар.
Сабақ қиын болды, ештене түсінбедім.
V. Оқушылар білімін бағалау. Бағалау парағы
Оқушылардың аты-жөні |
Өзін-өзі бағалау |
Көршісінің бағасы |
Мұғалімнің бағасы |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
bilim-all.kz
Жалпы Сырт — Уикипедия
Басқа мағыналар үшін Сырт деген бетті қараңыз.
Жалпы Сырт таулы қыраты | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | Мезо-кайнозой |
Ұзындығы | 150 км |
Ені | 30-25 км |
Ең биік шыңы | Ешкі тауы |
Биіктігі | 259 м |
Орналасуы | |
51°43′ с. е. 52°25′ ш. б. / 51.717° с. е. 52.417° ш. б. / 51.717; 52.417 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°43′ с. е. 52°25′ ш. б. / 51.717° с. е. 52.417° ш. б. / 51.717; 52.417 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер | Қазақстан |
kk.wikipedia.org
ХVII ғасырға дейінгі Батыс Еуропадағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой
Жоспар
1. Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық теориясы 3
2. Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары. 12
3. Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы 18
Әдебиеттер 25
1. Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) педагогикалық теориясы
…
Сондай-ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.
Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың қоғамға наразылығын туғызды.
…
2. Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары
…
XVІІ ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да, жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол – ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық коғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVІІ ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.
Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.
Ф. Энгельстің айтуынша, Джон Локк «1688 жылғы таптық ымыраның перзенті». К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның өкілі болды деді.
Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.
Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.
Елестеулер біздің санамызға түйсінулер және сезім мүшелері арқылы пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал – біздің түйсіктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүние тану мәселесінде Локк материалистік сенсуализм жолын ұстады.
…
3. Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы
…
1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен искусство прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады. 1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761 жылы «Жаңа Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты шығармалары жарық көреді.
1762 жылы Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.
Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.
Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алаңында өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияда ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.
Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиядан шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.
Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде (15 жастан бастап) адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше «үшінші сословияның» алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. Сондықтан Эмильді, демек, жаңа қоғам жастарын ел-жұртты сүюге үйрету, оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады.
Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші – ойшыл адам.
Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбы – өмір серігін тәрбиелеу, әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама-қарсы қойылды. Әйелдердің «табиғи жағдайы» тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген теріс қорытындыға келеді ол.
Әдебиеттер
6. Джуринский А.Н.. История педагогики: Учеб. Пособие.- М.:Гуманитар.изд.центр ВЛАДОС, 1999. -431 с.
7. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР с древнейших времён до конца XVII века. –М.; Педагогика, 1989.-479с.
8. Джуринский А.Н..История педагогики:Учеб.пособие для студ.вузов, обучающихся по пед.спец./А.Н.Джуринский.-М.:ВЛАДОС, 2000.-431с.
9. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. XVIII век – первая половина XIX века. –М.; Педагогика, 1973. –605с.
10. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР. КонецXIX века – начало XX века. – М.; Педагогика, 1991. –446с.
11. Хрестоматия по зарубежной педагогике. /Сост. и авт. вводн. ст. А.И.Пискунов. –М.; Просвещение, 1981. –560с.
12. История педагогики. Часть 1. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины XVII века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –192с.
13. История педагогики. Часть 2. С XVII века до середины XX века. Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова –М.; ТЦ «Сфера», 1997. –304с.
14. Ауэзов М.М. Возрождение учителя: о жизни и творчестве Фараби. –Алма-Ата, Жазушы, 1975. –199с.
15. Григорян С.Н. Великие мыслители Арабского Востока. –М.; Знание, 1980. –190с.
examenna5.net
Мәнжазба / Реферат :Оқушылардың қарым қатынас мәдениетін қалыптастыруға мектеп психологының ықпалы
… Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, В.С.Мухина).
Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу, анықтау және оны түзету мәселелері көкейтесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдерінің қолдауымен шешеді. Дегенмен бала жеткіншек кезінен өзінің есеюін сезіне бастағанннан үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым –қатынасты тең дәрежеде жүргізуді талап етеді. Бұл тенденция жас өспірімдік кезеңінде де жалғасады.
Баланың өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, басқа балалар ортасында абыройлы болуы – үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Дегенмен бала мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу керегін және оны қалай дамыту керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан үйлесімді қарым-қатынас орнатуда бірінші көмекші болатын адам – мектеп психологы.
Кішкентай жеткіншекке ұжым өміріне қатысқаны, басқалармен бірге болуы, біртіндеп жасөспірімдік кезеңде құрбы-құрдастарының оны қабылдауы, топқа өзін қажет деп сезінуі, онда бір бедел мен құрметке жетуі аса маңызды. Ұжымда статустың төмен болуы баланы алаңдатады,қобалжу сезімі пайда болып,өз-өзіне сенімсіз,ерік-жігері әлсіз күйде яғни бір сөзбен айтқанда оның топтағы өзін-өзі бағалауы төмендейді.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты (функционалдық-рольдік) ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет. Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін зерттеу нәтижесі оларға психологиялық көмек қажет екенін көрсетті.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады:
Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз. …
Әдебиеттер
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (оқу құралы) Алматы 2001. 57 б.
Әубәкірова Ж.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері. Пс.ғ.канд.дисс.Алматы. 2001ж. 135-бет
Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427.
Буева Л.П. Человек: деятельность и общение.-М.,1978.-с.113.
Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе.М.,1991.-с. 135-143.
Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы, 1996.
examenna5.net
Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі
Жоспар
Кіріспе. 3
1. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің. 4
қазіргі жай-күйін талдау. 4
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық. 6
1.2 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі 8
2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру. 11
2.1 Жұқпалы аурулар және олардың кейбір түрлері. 11
2.2 Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты.. 14
Қорытынды.. 17
Әдебиеттер тізімі 19
… Азаматтарға медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну жөніндегі мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерінің барабар қаржылық қамтамасыз етілмей отырғандығы проблема болып қалып отыр. Медициналық тегін көмекті ақылы қызмет көрсетулермен ауыстыру кездеседі. Кепілді көлемдер мен ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулердің ара жігінің айқын ажыратылмауына байланысты медицина қызметкерлерінің пайдасына халықтың тарапынан бейресми төлемдердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті тұтынуды есепке алу тиісті түрде жолға қойылмаған, мұның өзі көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді.
Ресурсты үнемдеудің кешенді салалық саясаты жоқ.
Бүгінгі күні медициналық қызметтерді сатып алушылар мен жеткізушілерге бөлу – шартты нәрсе, өйткені іс жүзінде барлық жеткізушілер денсаулық сақтау органына әкімшілік және экономикалық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Өңірлерде денсаулық сақтауды дамыту әлеуметтік-экономикалық саясаттағы басымдық болып табылмайды.
Осылайша, салада басқарушылық шешімдерді қабылдауды талап ететін бірқатар қолайсыз үрдістерді бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың аса маңызды принципі – медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі бұзылады.
Екіншіден, медициналық көмек көрсетудің көлемі мен сапасы, тұтастай алғанда денсаулық сақтауды дамыту көрсеткіштері бойынша облыстар шегінде аумақтар арасындағы теңсіздік байқалады.
Үшіншіден, басқару жүйесінің міндетті құрамдас бөліктері – тұтастай алғанда денсаулық сақтау ұйымдары мен жүйесі қызметтерінің мониторингі және оларды бағалау жеткіліксіз қалыптасқан. Денсаулық сақтауды ақпараттық қамтамасыз ету саласында үйлестірілген саясаттың болмауы салада жинақталатын ақпарат анықтығының төмен болуына, жергілікті жерлерден облыстық және республикалық деңгейге ақпараттардың уақытында түспеуіне, жекелеген кіші жүйелерден келіп түсетін деректерді салыстырудың мүмкін болмауына әкеп соқтырады. Бұл, сайып келгенде, осы ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер тиімділігінің төмен болуына және денсаулық сақтау ресурстарын ұтымсыз пайдалануға әкеп соғады.
Төртіншіден, дәрілік заттарды сатып алу кезіндегі бірыңғай әдістер мен стандарттардың болмауы сатып алынатын өнімдердің қымбаттауына және оның сапасына байланысты проблемаларға әкеп соқтырады.
Бесіншіден, денсаулық сақтауды басқару органдарының қызметін халық денсаулығының жай-күйі деңгейіне тікелей және жанама әсер ететін басқа да мемлекеттік басқару субъектілерімен (еңбек және әлеуметтік қорғау, экология, білім беру, мәдениет және басқа органдармен) үйлестіру әлсіздігі. Бұл үйлестіру салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады және сайып келгенде, медициналық қызметтер көрсетуге қажеттіліктердің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Алтыншыдан, БМСК денсаулық сақтау жүйесінің орталық буыны бола отырып, халық денсаулығының көрсеткіштерін сапалы түрде жақсартудың басты функциясын жүзеге асыруға тиіс. Денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесінің қызметінің тиімділігі мен сапасы, елдің еңбек әлеуетін сақтау, сондай-ақ отбасы деңгейінде және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары: балалар, мүгедектер және егде жастағы адамдардағы туындаған медициналық-әлеуметтік проблемалардың көпшілігін шешу оның жай-күйіне байланысты. Бүгін БМСК дәрігерінде «диспетчерлік функциялар» басым бола бастады: амбулаториялық науқастарды тар аядағы мамандарға консультацияға жіберу жиілігі тым жоғары. …
… Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құралдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және әкономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.
Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны түрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және әлементтердің қүрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе әлементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.
АЖ-ның функционалдық бөлімі – бүл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бүл ақпараттық жүйенің қызмеіімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім қүрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді. …
1. Бралиева ,Биярова А. Ө . « Ақпараттық жүйелер теориясы»
2. О. Камардинов « Информатика»
3. Оснавные показатели здравоохранения в республике Казахстан…
examenna5.net