Шетелден әкелінетін жеміс-жидек зиянды – «Жас қазақ» ұлттық апталық газеті
Еліміздегі базарларға сырттан келетін жеміс-жидектер мен көкөністер адам ағзасына өте қауіпті. Олардың құрамындағы пестицидтердің мөлшері бақылауға алынбай отыр. Бұл пікірді «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының пікірталас клубының отырысында биология ғылымының докторы, академик Абай Сағитов айтты.
Tengrinews.kz хабарлағандай, «көптеген фермерлер көкөніс өсіруде пестицидтерді қалай қолдану керектігін білмейді. Осы арқылы олар қоршаған ортаға экологиялық қауіп-қатер төндіріп отыр. Біздің базарларымыз контрабандалық жолмен келген, пестицидтері шамадан тыс көп жеміс-жидектерге толы. Олардың ешқайсысы бізде тіркелмеген. Мұны біздің құқық қорғау оргадары мен қоғамдық ұйымдар бақылауға алса деймін. Пестицидке толы жеміс-жидектердің жолын кесуіміз керек. Кішкентай ғана сарайдың ішінде пестицид өндіріп, олар қазіргі уақытта миллиардерге айналып үлгерді. Сол сарайдағы өнімдерін фермерлерге сатып, адам ағзасын улап отыр. Біз неге осыны ескермейміз?», — деді Сағитов.
Спикердің айтуынша, қазіргі кезде нарықтағы өнімдердің құрамындағы пестицидтердің мөлшері 10 еседен асып түскен. «Бұл химикаттардың адам геніне әсер ететінін көбісі ескере бермейді. Оның нәтижесінде тұқым қуалайтын түрлі аурулар пайда болады. Өткен жылы химикаттардың адам ағзасына әсері туралы сараптама жүргіздік. Сараптама қорытындысы менің сөзімді толығымен дәлелдейді. Ет, сүт, көкөністердің құрамындағы пестицидтер 10 есеге дейін артық шығып отыр. Сіз бен бізді тонағаны аздай, шетелден келетін бұл өнімдер біздің денсаулығымызды әлсіретіп бара жатыр. Біз қандай тамақ ішіп отырғанымызға мән бермейміз. Тіпті, құлпынайдың құрамындағы пестицидтердің шамадан тыс болғанын көріп таңғалдым. Бізде бақылаудың жоқтығынан осындай көлеңкелі жолмен пайда көріп, халық денсаулығына зиянын тигізіп отырғандар өте көп», — деп атап өтті ол.
Айта өтейік, пікірталас алаңнын ұйымдастырған «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай адам ағзасына қауіпті өнімдерді анықтау үшін және оларды көпшілік назарына жеткізу мақсатында альянстың отырысын ай сайын өткізбек болып отыр.
jasqazaq.kz
Жеміс- жидек және көкөніс негізінде дайындалған балалар тамақтану өнімдері — Медицина. Сестринское дело.
Жеміс- жидек және көкөніс негізінде дайындалған балалар тамақтану өнімдері
Жеміс- жидек және көкөніс негізінде дайындалған балалар тамақтану өнімдері консерві түрінде болады. Оларды жоғары сапалы балғын жемістер мен көкөністерден дайындайды. Дайын өнімдер ерекше дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді, белок, май және көмірсу қатынасы қолайлы (1:1:2 ден 4 дейін), сонымен қатар витаминдер, темір, фосфор және басқа минералды заттар құрамы жоғары. Жеміс-жидек және көкөніс негізіндегі консервілер гоиогенделген пюре тәрізді масса болып табылады. Оларды дайындау кезінде өсімдік шикізаттарымен қатар ас тұзы, қанты, сары май, сүт, күріш, ұн және т.б. қосады. Олардың жіктелуі 3-суретте көрсетілген.
Отандық балалар тамақтануына арналған консервілер ассортиметі МЕМСТ бойынша анықталған, ода жеміс және көкөніс консервілер түрі бойынша жіктелуі келтірілген. Оларға: табиғи жеміс-көкөніс езбелері; жеміс қоспаларынан дайындалған табиғи езбелер, қантпен жеміс-көкөніс және жидекезбелері; қантпен жеміс және жидек қоспасынан жасалған езбелер; қантпен жеміс және жидек, көкөністер, жеміс және жидек шырындары қоспасынан даярланған езбелер; жарма және сүт қосылға жемістен даярланған езбелер; кілегей қосылған жемістерден жасалған езбелер- Неженка; жеміс-жидек кремдері; жеміс жидек десерттері; табиғи жеміс шырындары; қантпен табиғи жеміс шырындары; табиғи купаждалған жеміс шырындары; қантпен купаждалған жеміс және жидек шырындары; жұмсағымен табиғи жеміс шырындары; жұмсағымен және қантпен жеміс шырындары; қантпен және жұмсағымен купаждалған жеміс және жидек шырындары; жеміс компоттары; витаминдер қосылған консервілер жатады.
|
3-сурет. Жеміс-жидек және көкөніс негізінде дайындалған БТӨ жіктелуі және ассортименті
Балалар тамақтануына арналған шырындарды таңдаулы шикізаттардан — табиғи жеміс және жидектерден алхоры, шие, қызыл шие, алма, өрік, шабдалыдан және тағы басқалардан дайындайды. Шикізат түрі консерві түрін анықтайды. Балалар тамақтануына арналған шырындар мөлдірлетілген және де жұмсағымен өндіріледі, бұл асқазан-ішек жолы жұмысын реттейтін тағамдық талшықтардың балалар организміне түсуін негіздейді.Осы себептен жұмсағымен шырындарды ішектің тұрақты шырышты қабаты қалыптасқан үлкенірек балалардың тамақтану рационына енгізеді. Осыған орай тамақтану Институтымен шырындарды емшектегі балалар рационына енгізу ұсынылған, бірақ 4 айдан ерте болау керек.
Балалар тамақтануында шырындардың мәні зор. Ең алдымен шырындар витаминлер мен басқа биоллогиялық активті заттардың көзі. Сонымен қатар инфекциялық ауралар мен токсинді жағдайларды емдеу кезінде шырындар жақсы нәтижелер берді. Шырындар тәбет ашады,шөлді қандырады,су және қышқыл-сілті балланысын қалпына келуіне ықпал етеді.
Жеміс немесе жеміс-көкөніс езбелері бала рационына ол 2-3 апта шырындар қабылдаған соң енгізіледі. Езбе – жартылай сұйық консистенциялы, құрылым түзгіш (қоюландырғыш) ретінде кішкене мөлшерде крахмал, бидай ұны (күріш, ұнтақ жарма және т.б), пектиндер, гуарлы камедь және т.б қолданылады. Езбе гомогенденген, майда езілген және ірі езілген болып өндіріледі; сәйкесінше 4-6, 6-9 және 9 айдан жоғары балаларға ұсынылады.
Ең алдымен бала рационына бір құрамды езбе, яғни бір түрлі жемістен (алма, алмұрт, шабдалы, алхоры) езбені, ал содан кейін көп құрамды езбелерді енгізеді.Езбелердің жаңа түрін біртіндеп 3-5г бастап, 10-12 айда 80-100г дейін мөлшерді ұлғайтып енгізеді.
Соңғы кездері жеміс-дақыл негіздегі (дақылдар қосылған жемістерден жасалған) және жеміс-сүтті (сүт өнімдері, йогурт, кілегей, сүзбе қосылған жемістерден жасалған) құрама езбелер өндіріледі. Негізгі жеміс шикізаты ретінде алма, банан, шабдалы, өрік, тропикалық жемістер, ал дақыл құрамдасы ретінде – күріш немесе сұлы ұны немесе үлпегі, крахмал қолданылады. Бұл өнімдерді С витаминімен байытады, себебі ол технологиялық өңдеу кезінде жойылады.
Құрама езбелердің тағамдық және энергетикалық құндылығы жоғары, себебі дақыл құрамдасының болуы көмірсу мөлшерінің ұлғаюына ықпал етеді. Бірақ дақыл құрамдасы балалардың асқорыту жүйесіне жүк түсіруі мүмкін, сондықтан оларды 6-7 айдан бастап беруді ұсынады. Бұндай езбелерді «Нестле», «Гербер», Фруктал», «ХиПП» және т.б фимраларды өндіреді.
Құрама езбелердің түрі жеміс-сүт негізінде жасалған өнімдер болып табылады. Негізгі шикізат ретінде алма, шабдалы, өрік,алхоры және т.б, ал сүт негізі ретінде-йогурт, кілегей, сүзбе қолданылады. Сәйкес консистенция беру үшін крахмал немесе бидай ұны қолданылады. Құрамында белок және май көзі ретінде сүт өнімдері болғандықтан, тағамдық құндылығы біршама ұлғаяды. Бұндай концервілерді Бона, Нестле, Нутриция, Ваден Берг Фудс, Хайнц өндіреді. Оларды 6-7 айлық балаларға беруді ұсынады.
Балалар тамақтану рационына жеміс езбелерінен кейін көкөніс езбелерін 5-6 айдан бастап енгізеді. Алдыңғы қосымша тамақтандыру ретінде бір құрамды сәбіз, картоп, кәді және т.б езбелері беріледі. Содан кейін біртіндеп көпқұрамды езбелерді, мысалы, сәбіз және асқабақ езбелері және т.б енгізеді.
6-7 айдан бастап, тамақтану рационына тығыз консистенциялы томат, үрмебұршақ, жасыл бұршақ және т.б езбелерді бере бастайды.
Яғни, бала жасын ескере отырып тамақтану рационына тағамдық құндылығы жоғары әртүрлі өнңмдерді енгізеді, бұл бала организмінің тағамдық заттармен өсуі мен дамуына қажеттілермен бала организмін қамтамасыз етеді, сонымен қатар оны біртіндеп кәдімгі (қатты) тағамға өтуіне ықпал етеді. Жеміс-көкөніс негізіндегі өнімдерді әдетте қосымша тағам ретінде баланың 4 айынан бастап береді. Көптеген шетел фирмалары өз өнімдерін бала жасына байланысты кезеңдерге бөледі: 1-ші кезең – 3 айдан 6 айға дейінгі балалар; 2-ші кезең – 6 айдан 9 айға дейін; 3-ші кезең – 9 айдан бастап.
Суфле «Бабушкино лукошко» бірегей саудалық белгімен келесі ассортиментте өндіріледі: кәді мен алмадан; сәбіз бен алмадан; асқабақ пен алмадан; алмадан, сәбіз бен қара қарақаттан; алмадан, сібңзден және черноплодной рябины; алма, қызылша және черноплодной рябины; алма, асқабақ және облепихадан. Оларда кәдімгі балалар консервілерге қарағанда белок, майлар, көмірсулар, темір, минералды тұздар мөлшері 1,5-2 есе көп, ал С витамині 2-3 есе көп. Бұл суфле түрлері балаларға 5-6 айдан бастап беру ұсынылады.
Сонымен қатар ВНИИКОП аз мөлшерде қант (2-6%) қосып, тропикалық жемістер жартылай фабрикаттары (банан, гуава, манго, папайя) негізінде нектарлар мен езбе
Робот блога считает, что это может быть вам интересно
- Балалардың тамақтануындағы сүт пен сүт өнімдерінің ролі. Әртүрлі жастағы балалардың тамақтану ерекшелігі
- Балалар тамақтануы өнімдерінің ассортименттері мен жіктелуі
- Балалар сүт өнімдерінің технологиясы негізгі технологиялық операциялар
- Балалар сүт өнімдерінің технологиясы. Құрғақ сүт өнімдерінің технологиясы
- Сұйық стерилденген сүт өнімдерінің технологиясы
- Сүт қышқылды және паста тәрізді өнімдер
- Балалар тағамтануындағы сүт ботқалары
- Балалар консервілерінің ассортименті мен жіктелуі
- Балалар тамақтануына арналған консервілерді өндірудің технологиялық процесстері мен операциялары
sestrinskij-process24.ru
Жеміс-жидек пен көкөністі қалай жуу керек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа температурасы көтерілген сайын ішек инфекциялары мен вирустардың таралу қаупі артады. Осы кезде азық-түліктің сапасына ғана емес, тамақты дайындау мен сақтау шарттарына баса назар аудару қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, инфекциялар, көбінесе, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер сияқты тағамдарда тез таралады.
«Сондықтан ондай тамақты бөлме температурасында бір сағаттан асырмай сақтау қажет. Ал тоңазытқышта сақтау мерзімі – 6-12 сағат. Дайын тамақты дастарханға қоярдың алдында жақсылап тұрып қайнатып алған дұрыс. Салаттарды аздап істеу керек. Қанша жейсіз, сонша істеу керек. Негізі, ең қауіпті тағамдар ол – майонез немесе қаймақ қосылған салаттар. Себебі дәл сондай тағамда микроағзалар тез тарайды. Сосын кремді-кондитрлік өнімдер де қауіпті. Әсіресе, жұмыртқадан жасалған кремдер тез бүлінеді. Бұдан бөлек, құс өнімдері де бар» – деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Бас санитарлық дәрігер жеміс-жидек пен көкөністердің қауіпсіздігіне де тоқталды.
Оның айтуынша, құлпынай, жүзім, сары өрік, қара өрік, шие сияқты жеміс-жидекте инфекция көп болады.
«Оны жуу қиын. Оған қоса, тазарту керек. Сондықтан дәл осы жеміс-жидекті жақсылап тұрып жуу қажет. Алдымен ыстық суға салған дұрыс. Сосын салқын сумен шаю керек. Бұдан бөлек, ас содасын сумен араластырып, арнайы ерітінді жасауға болады. Соған жеміс-жидек пен көкөністі 2-3 сағатқа салса, зең, грибок сияқты қауіпті заттар кетеді. Негізі, бұл – жақсы дезинфекция. Содамен жуғаннан кейін сумен шаю керек. Сонда балаларға қорықпай беруге болады», – деп атап көрсетті Ж.Бекшин.
Айта кетейік, Ж.Бекшин жаз кезінде той тағамдарын дайындау қауіпсіздігіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдымен аспазшылардың кәсіби дайындығын тексеріп алу қажет. Бас аспазшыда санитарлық кітапша болуы тиіс. Сырттан адам тартуға болмайды. Ыдыс-аяқты жуып тұратын адамдардың саны да жеткілікті болуы шарт.«Сосын тамақты сақтайтын арнайы құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Дайын тұрған тамақ тоңазытқышта сақталуы қажет. Мейрамxанада ыстық су болуы тиіс. Тазалыққа баса мән беру керек. Негізі, тамақ жасайтын жердің санитарлық жағдайы жаппай улануға себеп болып жатады. Тойдың дастарқанын бір сағат бұрын жасаған дұрыс. Одан ерте жайылса, дайын тамақта микроағзалар тез өседі. Содан адам уланады. Әрине, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін үнемі бақылап отыру қажет», – деп атап көрсетті Ж.Бекшин.
Бұдан бөлек, Бас санитарлық дәрігер тойда жаппай уланудың басты себебін атады.
Жеміс-жидек пен көкөністі қалай жуу керек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа температурасы көтерілген сайын ішек инфекциялары мен вирустардың таралу қаупі артады. Осы кезде азық-түліктің сапасына ғана емес, тамақты дайындау мен сақтау шарттарына баса назар аудару қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, инфекциялар, көбінесе, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер сияқты тағамдарда тез таралады.
«Сондықтан ондай тамақты бөлме температурасында бір сағаттан асырмай сақтау қажет. Ал тоңазытқышта сақтау мерзімі – 6-12 сағат. Дайын тамақты дастарханға қоярдың алдында жақсылап тұрып қайнатып алған дұрыс. Салаттарды аздап істеу керек. Қанша жейсіз, сонша істеу керек. Негізі, ең қауіпті тағамдар ол – майонез немесе қаймақ қосылған салаттар. Себебі дәл сондай тағамда микроағзалар тез тарайды. Сосын кремді-кондитрлік өнімдер де қауіпті. Әсіресе, жұмыртқадан жасалған кремдер тез бүлінеді. Бұдан бөлек, құс өнімдері де бар» – деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Бас санитарлық дәрігер жеміс-жидек пен көкөністердің қауіпсіздігіне де тоқталды.
Оның айтуынша, құлпынай, жүзім, сары өрік, қара өрік, шие сияқты жеміс-жидекте инфекция көп болады.
«Оны жуу қиын. Оған қоса, тазарту керек. Сондықтан дәл осы жеміс-жидекті жақсылап тұрып жуу қажет. Алдымен ыстық суға салған дұрыс. Сосын салқын сумен шаю керек. Бұдан бөлек, ас содасын сумен араластырып, арнайы ерітінді жасауға болады. Соған жеміс-жидек пен көкөністі 2-3 сағатқа салса, зең, грибок сияқты қауіпті заттар кетеді. Негізі, бұл – жақсы дезинфекция. Содамен жуғаннан кейін сумен шаю керек. Сонда балаларға қорықпай беруге болады», – деп атап көрсетті Ж.Бекшин.
Айта кетейік, Ж.Бекшин жаз кезінде той тағамдарын дайындау қауіпсіздігіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдымен аспазшылардың кәсіби дайындығын тексеріп алу қажет. Бас аспазшыда санитарлық кітапша болуы тиіс. Сырттан адам тартуға болмайды. Ыдыс-аяқты жуып тұратын адамдардың саны да жеткілікті болуы шарт.
«Сосын тамақты сақтайтын арнайы құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Дайын тұрған тамақ тоңазытқышта сақталуы қажет. Мейрамxанада ыстық су болуы тиіс. Тазалыққа баса мән беру керек. Негізі, тамақ жасайтын жердің санитарлық жағдайы жаппай улануға себеп болып жатады. Тойдың дастарқанын бір сағат бұрын жасаған дұрыс. Одан ерте жайылса, дайын тамақта микроағзалар тез өседі. Содан адам уланады. Әрине, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін үнемі бақылап отыру қажет», – деп атап көрсетті Ж.Бекшин.
Бұдан бөлек, Бас санитарлық дәрігер тойда жаппай уланудың басты себебін атады.
lenta.inform.kz
Қоршаған ортамен таныстыру “Ағаштан жасалған заттар”
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған заттар
Сабақтың мақсаты:
Балаларды ағаш түрлерімен және ағаштан жасалған заттармен таныстыру. Ағаштан жасалған заттарды қолдана білуге үйрету. Табиғатта аялай білуге баулу.
Дидактикалық ойындар арқылы байланыстырып сөилеуге үйрету. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге қалыптастыру,сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүиіспеншілігін ояту,қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне меиіріммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнату.
Көрнекіліг: Ағаштан жасалған заттардың суреті, және бейнелері.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесеиік.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Тәрбиеші: – Қанекей балалар енді орындарымызға келіп отырайық
Балалар бүгінгі біздің өтетін сабағымыз қоршаған ортамен танысыру,ал тақырыбымыз «ағаштан жасалған заттар» деп аталады.
Ал, енді балалар! Біз сабағымызды бастамас бұрын қазір жылдың қай мезгілі екенін есімізге түсіріп өтейікші!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз?
Балалар: Күн суық, қар бар, қалын киінеміз т.б.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар!
Ал, енді біз бүгінгі тақырыбымызға оралайық.
Балалар мына суреттерге назар салайықшы!
Бұл суреттерде нелер бейнеленген?
Балалар: -Ағаштар
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар!
Ағаштың балалар бірнеше түрлері болады екен. Олар: Емен,қарағай, қарағаш,қайын,түрлі жеміс ағаштары,сексеуіл т.б.
Балалар сендер білесіңдерме осы ағаштардан түрлі заттар жасауға болады екен. Мысалға: мына суреттерде бейнеленген және менің қолымдағы заттар сиақты түрлі қолданысқа қажет заттарды жасауға болады.
Таныстырып өтемін.
Қайталау сұрақтары: -балалар мына суреттерде нелер бейнеленген?
Балалар: орындық, төсек,шкав,үстел,қайық,кеме т.б. тұрмыстық заттар.
Тәрбиеші: осы атап отырған заттарың неден жасалады екен?
Балалар: ағаштан
Тәрбиеші: -Өте дұрыс айтасыңдар!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Қорытындылау:
Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін немен таныстық?
Балалар: -ағаштан жасалған заттармен
Тәрбиеші: -Ағаштан қандай заттар жасалады екен?
Балалар: -Кеме,орындық,төсек,балғаның сабы,қасық,құстың ұясы т.б.
Тәрбиеші: -Балаларды мақтау, мадақтау.
«Бекітемін»
«Ай-Жұлдыз» балабақшасының
Меңгерушісі_________________
Г.М.Тазабекова
«Ағаштан жасалатын заттар»
Тәрбиеші: Мырзағалиқызы Ж
2015 ж
infourok.ru
Керек емес заттардан жасалған керемет туындылар
Егер үйіңізде немесе көлікжайыңызда керек емес заттар жатса, оны лақтыруға асықпаңыз. Сәл ғана фантазияңызды іске қоссаңыз, қоқыстың өзінен керемет туынды жасауға болады. Қолдан жасалған ондай заттар достарыңызды да, тума-туыстарыңызды да қуантары анық. Ендеше назарларыңызға ерекше қиялдан туған бір топ тамаша туындыларды ұсынамыз.
1. Тәтті судың бос бөтелкелерінен жасалған киім ілгіш.
2. Пайдаға жарамсыз көне қайықтан мынадай керемет бесік жасауға болады.
3. Егер пианинода ойнау қолыңыздан келмесе, бұл аспапты аквариумға айналдыру қиынға соқпайды.
4. Көп күшіңізді жұмсамай-ақ, ескі скейтбордыңыздан әдемі әткеншек жасай аласыз.
5. Тозығы жеткен батутты лақтырып тастамай, мынадай вигвам (үндістердің сопақша күмбез тәрізді лашығы) құруға болады.
6. Керек емес киім ілгіштерді жинап, керемет креслоға айналдыра аласыз.
7. Ескі велосипедіңіз сіздің жуынатын бөлмеңіздің бір бөлігі бола алады.
8. Мысықтар қораптар мен шабадандарды ерекше жақсы көреді. Сіздің сүйікті мысығыңыз мынадай керуеттен ешқашан түскісі келмейтін болады.
9. Қораңызда велосипедтен қалған құрал-саймандар толып жатса, олардан осындай аспашам жасап, бөлмеңізге іліп қоя аласыз.
10. Көне шабаданды қолданудың тағы бір түрі.
11. Консерві банкасынан шамдал жасауға болады.
12. Қарапайым құбырдан кітап қоятын сөре де жасап қоюға болады.
Сізге қайсысы қатты ұнады? Достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.
Сурет: bookcoverimgs.com, www.architecturendesign.net, www.pedal-j.com
Оқи отырыңыз:
Сиқыры бар суреттер топтамасы
Лас-Вегастағы түнгі клубтың бірінде 3D иллюзия пайда болды
Жапониядағы түлкілер ауылы туралы біле жүріңіздер
Кішкентай пингвиндерге жемпір тоқып берген жомарт жан
massaget.kz