Шуаш иісінен арылу жолдары
Жаз келді. Жазбен бірге cан түрлі жағымсыз иістің де ере келгені жасырын емес. Әсіресе, қоғамдық көліктерде кейбір жағымсыз иістерге шыдап тұру мүмкін емес. “Ұлы сөзде ұяттық жоқ” демекші, бұған дейін қолтықтан шығатын иісті кетіру туралы сөз етіп, жағымсыз иіспен бірінші кезекте күресетін құрылғы – дезодарант таңдау жайлы кеңестер беріп өтсек, бүгін аяқтан шығатын жағымсыз иістен құтылу жолдарын айтамыз.
Аяқтан шығатын тер – миллиондаған бактериялардың өмір сүру ортасы. Сондықтан бактериялармен күресу керек.
Шуаштың негізгі себептері мыналар:
- Жабық, тар, мезгілі өтіп кеткен аяқ киім (күздің аяқ киімін көктемде кию, көктемгі аяқ киімді жазда кию) киіп, аяқтың тыныс алуына мүмкіндік бермеу,
- Синтетикалық шұлықтар,
- Аяққа күтім жасамау,
- Күйзеліс, толқу,
- Тері аурулары.
Шуаштан қалай арылуға болады?
- Ең алдымен аяқ киімді ауыстыру керек. Күн ыстықта табиғи материалдан тігілген ашық аяқ киім киіңіз. Тым құрығанда ауыстырып киетін бір артық аяқ киіміңіз болсын.
- Ешқашан синтетикалық материалдан тігілген шұлық кимеңіз. Шұлықты күн сайын ауыстырып, жуып киіңіз.
- Аяқ киімді шешкен соң, оған арша жоңқасын салып қойыңыз. Сондай-ақ цеолиті бар арнайы қаптаманы қолдануға болады.
- Аяқ киімнің іші-сыртын кем дегенде, айына бір мәрте жуып тұрыңыз.
- Табанды күніне екі рет сабындап жуып жүру керек. Ұйықтар алдында қанжылым сумен міндетті түрде жуып жатқан дұрыс.
- Ванна қабылдағанда, табанды пемзамен уқалау қажет. Сода ваннасы аяқтағы иісті кетіруге көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасық соданы 0,5 л жылы суға араластырып, ваннадан соң, аяқты қанжылым сумен шаю керек.
- Дәріханаларда сатылатын шуашқа қарсы антиперспирант қолданыңыз. Қолыңызда антиперспирант жоқ болса, ас тұзы мен кукуруз крахмалын пайдалануға болады. Аяқты тұзды суға салып жуып, башпайлардың арасына содаға батырылған мақта тығып, ұйықтаңыз. Бұл әдіс аяқтың тершеңдігін төмендетеді. Сондай-ақ шуашқа қарсы кремдер де сатылады.
Адамның табиғи иісі он екі мүшесі сау болса ғана, жағымды болмақ. Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болатыны жөнінде айтқанбыз. Жоғарыдағы тәсілдер көмектеспесе, дәрігерге қаралғаныңыз жөн болмақ.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: salon-krasoti.dp.ua, timeforstyle.ru
massaget.kz
Шуаштан 20 минутта арылуға болады
- Толығырақ
- Жарияланды 05.03.2016 17:44
- Автор: Жанат Бақыт
- Қаралды: 37135
Тамағыңыз ауырса
Алма сірке суының ¼-ін бір кесе жылы сумен араластырып, тамағыңызды шайыңыз. Бұл қоспа тамағыңыздағы барлық зиянды микробтарды өлтіреді.
Қыжылға қарсы
1 шәй қасық сірке суды сумен араластырып ішіңіз. Асқазанның қыжылдауы лезде басылады.
Мұрныңыз бітіп қалса
Тұмау тиіп, мұрныңыз бітіп қалса, 1 стақан жылы суға 1 шәй қасық сірке суын қосып ішіп алыңыз. Сірке суының құрамында А, В1, В2, В6, С дәрумендері, сірке, лимон, сүт және алма қышқылы бар. Бұл дәрумендер мұрын қуысының ісігін демде қайтарады.
Қайызғаққа қарсы
Алма сірке қышқылы шашыңызды жылтыратып, жақырата түседі. Әрі қайызғақтан құтылуға көмектеседі.
Бір кесе сірке суының 1/4 –ін мен бір кесе судың 1/4 –мен араластырып, қоспаны шампуньмен жуып болған соң шашқа15 минутқа жағып қойыңыз. Қайызғақтан бірден құтыласыз.
Сүйелден құтығыңыз келсе
Бетіңіздегі вирусты сүйелден күнделікті алма сірке суын жағу арқылы құтыла аласыз. Үзбей жақсаңыз, нәтижесін тез байқайсыз!
Аяғыңыздан жағымсыз иіс шықса
Жылы суға алма сірке суын қосып, күнде кешкісін аяғыңызды 20 минут батырып отырсаңыз, табыныңыздың терлегені басылып, жағымсыз иістен арыласыз. Сірке суының құрамындағы микробқа қарсы қасиет табан зеңін лезде жоқ қылады. Сөйтіп шуаштан 20 минутта құтыласыз.
Құбырыңыз бітеліп қалса
Бір кесе сірке суды бір кесе ас содасымен аластырып, бітіп қалған құбырға құйып, 5 минуттан соң құбырға 2 кесе қайнаған су құйыңыз.
Жихаздағы дақтан құтылғыңыз келсе
Жихаз, кілем, кез келген матадан дақты сірке суының көмегімен кетіре аласыз. Ол үшін сірке суы мен тұзды араластырып, дақты сүртіп, аздаған уақыттан соң кептіріңіз, немесе шаңсорғышпен сорып алыңыз.
Сірке суының тағы да мынадай пайдасы бар:
1. Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыз.
2. Терлегенде киімде қалатын сарылау дақтарды кетіру үшін дақтарды 10 минутқа ақ ас сірке суына малып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңайлықпен кетеді.
3. Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек сауығуға болады екен. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.
4. Сірке суы шаш саулығы мен сымбатына да жақсы әсер бере алады. Шашты жуып, артынан оны алма сірке суының ерітіндісімен шайыңыз (бір стақан суға жарты ас қасық сірке суы).
5. Бұлшық еттің ауруын басуға да сірке суы көмектесе алады. Көп жүріп, қатты шаршаған күндері адамның бұлшық еттерінде сүт қышқылы көп жиналып қалады. Бұл ауруды 20 минуттық сірке суының компресі баса алады (бір стақан суға 2-3 ас қасық сірке суы).
6. Жиі жағдайда заттың баға белгісін байқатпай алу өте қиын болады. Ол үшін шүберекті жылытылған ақ сірке суына малып, баға белгісіне басыңыз. Ол оңайлықпен кетіп, жабысқақ іздерді қалдырмайды.
7. Тотталып қалған кішкене заттарды сірке суының ерітіндісінде қайнатып, артынан сумен шайып жіберіңіз.
8. Көгерген иістен арылу үшін тоңазытқыш, сөрелер ішін сірке суына малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.
9. Шәйнектің қақталған дақтарынан арылу үшін, оған сумен бірге сірке суын қосып қайнатыңыз.
10. Тағамның дәмін құртып алсаңыз, алма сірке суын қолдансаңыз болады. Мысалы тым тұздалған не бұрышталғансорпаға 1 шай қасық алма сірке суын қосыңыз.
11. Кір жуғыш мәшиненің ішіне 0,5 стақан сірке суын қосып жүрсеңіз, киімнің түсі ұзаққа сақталады.
12. Ас сірке суымен бөлменің сөрелерін сүртіп, әр жерге шашып қойсаңыз, бөлмедегі ауа тазарып, жағымсыз иістеркетеді.
13. Жаққышта қатып қалған бояуды қайнаған сірке суымен кетіріп көріңіз.
14. Ықылықтан арылу үшін қант кесегін сірке суына малып, жеп алыңыз.
15. Шыны ыдыстарды, әйнек есік-терезелерді сірке суы ерітіндісімен таза қылып сүрте аласыз.
16. Сүйіктіңіз сыйлаған гүл шоқтарының ғұмырын ұзарту үшін, 1 л суға 2 ас қасық сірке суын қосыңыз. Осы суға қойылған гүл ұзағырақ сақталады.
Пікір қалдыру үшін тіркелу қажет…
zhanatbakyt.kz
Аяқ киімнің жағымсыз иісін оңай кетіру жолдары
Аяқ киімнің жағымсыз иісі айналаңыздағы адамдарға ұнамайтыны бесенеден белгілі, ал сіздің абыройыңыз сол иіс үшін де төмендеп қалуы бек мүмкін. Тіпті ең қымбат делінген аяқ киімдердің де жағымсыз иісі болады. Ал ыстық мезгілде бұл қауіп төне түседі.
Иіс неден пайда болады?
Жағымсыз иіс аяқ киім егесінің көп терлейтіндігінен шығады. Көп уақыт жаяу жүргенде немесе ыстық температурада ағза суықтап, қысымға түскен бұлшықеттер сөл бөледі. Адамның аққан терінің 98 пайызы судан, ал қалған екі пайызы тұз, қышқыл, микроэлементтерден, гормондар мен холестериннен тұрады. Осы құрамдар өздіген жағымсыз иіс шығара алмаса да, ылғалды жағдайда бактериялардың «құрбанына» айналады. Сөйтіп, тер аяқ киім мен шұлыққа жаман иісті жұқтырады. Аяқтың сасымауы үшін оны таза ұстап, қажетті кезде аяқ киімді тазалап тұру керектігін бізсіз де білесіз.
Аяқты таза ұстаңыз
Қаншалықты жауыр естілсе де, аяқты бір күнде бір рет сабындап жуып тұруыңыз керектігін айтуымыз қажет. Ал жуып болған соң аяққа арналған орамалмен, әсіресе башпай арасын жақсылап сүртуіңіз керек. Егер аяғыңыз жиі терлейтін болса салицил мен тальк сеуіп, дезодарант шашыңыз. Бұл құралдар бактерияларды өлтіреді. Сонымен қатар, аяқты шаймен, емен қабығымен, лимон қышқылымен және ас содасымен жуып-шайып тұрыңыз.
Тер көп жүріп, күннің ыстығы кезінде ғана шығады десеңіз де қателесесіз. Олармен қатар адамның стресстік жағдайларға да душар болуынан аяқ терлеп, жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Денеңіз терлеп, душқа түсетініңіз сияқты, аяқтың да терлеген кезінде жуып тұруыңыз міндетті. Ол үшін жұмыста киетін, үйде киетін аяқ киімдер мен шұлықтарды бөлек алып жүріңіз, оларды жиі ауыстырып тұрудан да ерінбеңіз.
Егер аяғыңыздың терлеуіне қарсы жасалған шаралардың ешқайсысы да пайда әкелмесе дәрігермен кеңесіп, қажетті препараттар сатып алыңыз. Жағымсыз иіс ауруға шалдыққанның көрсеткіші болуы да мүмкін.
Аяқ киімдегі шуаш иісті қалай тазарту керек?
Аяқ киімге көң иіс сіңіп қалғанда жалғыз гигиеналық шаралармен шектеліп қалуға болмайды, онымен бірге аяқ киім тазалығына да көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте аяқ киімнің ұлтарағын ауыстырыңыз. Ең көп бактерия сол ұлтарақта жиналады. Ал кейбір аяқ киімдерді: кроссовка мен кедаларды жууға да болады. Ал басқа аяқ киім түрлерін ылғал шүберекпен дұрыстап сүртіп шығыңыз.
Аяқ киімнің иісі қатты сіңіп, жәй ғана жуудан кетпей қойса сірке суын сумен араластырып біраз уақытқа салып қойыңыз. Марганец, сутек тотықтарымен, тіпті болмаса формидронмен ішкі бөлігін сүртіңіз. Етіктің шуашын кетіру үшін оның ішіне тотықты құйып, ол көбіктеніп болған соң төгіп тастап, кептіріңіз. Ал көк шайдың микроорганизмдерді өлтіретін қасиеті бар. Қайнатылған суға көк шай салындысын салып, аяқ киім ішін жуыңыз. Осы шаралардан кейін аяқ киімді жақсылап кептіріңіз. Мұсатырлы спиртпен де аяқ киімді тазалауға болады. Бірақ үй ішінде иіс болмауы үшін далаға барып тазалағаныңыз жөн.
Сулы процедуралардан бас тартсаңыз, құрғақ жасалатын тазалау әдістеріне сүйенсеңіз болады. Полиэтилен пакетіне аяқ киімді орап, тоңазытқыш ішіне салып, бір күн күтсеңіз де иіс кетуі керек. Бірақ лакталған аяқ киімдерді суыққа салуға болмайтынын ескеріңіз.
Таза ұстаудың амалдары
Әлдеқайдан келгеніңізде аяқ киімнің бауын ағытып, ашып қойғаныңыз жөн. Сонда оның ішіне ауа кіріп, жағымсыз иісті кетіретін болады. Сонымен қатар, бір аяқ киімді құтты күні кие бермеу де керек. Аяқ киімді шешкен соң оны бірден аяқ киім сөресіне немесе қорапқа салмаңыз. Шұлықты да кроссовка ішіне салып қоюға кеңес бермейміз.
Аяқ киімді күніне бір рет тазалап қойыңыз, тұратын сөресін де желдетіп, жуып тұрыңыз.
Оқи отырыңыз:
Шуаш иісінен арылу жолдары
Қатпарланған тырнақтарды емдеу
Аяқтағы күлдіреуді емдеу
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: fb.ru
massaget.kz
Аяқ киімнің жағымсыз иісін қалай кетіруге болады?

Аяқ киімнің жағымсыз иісі айналаңыздағы адамдарға ұнамайтыны бесенеден белгілі, ал сіздің абыройыңыз сол иіс үшін де төмендеп қалуы бек мүмкін. Тіпті ең қымбат делінген аяқ киімдердің де жағымсыз иісі болады. Ал ыстық мезгілде бұл қауіп төне түседі.Иіс неден пайда болады?
Жағымсыз иіс аяқ киім егесінің көп терлейтіндігінен шығады. Көп уақыт жаяу жүргенде немесе ыстық температурада ағза суықтап, қысымға түскен бұлшықеттер сөл бөледі. Адамның аққан терінің 98 пайызы судан, ал қалған екі пайызы тұз, қышқыл, микроэлементтерден, гормондар мен холестериннен тұрады. Осы құрамдар өздіген жағымсыз иіс шығара алмаса да, ылғалды жағдайда бактериялардың «құрбанына» айналады. Сөйтіп, тер аяқ киім мен шұлыққа жаман иісті жұқтырады. Аяқтың сасымауы үшін оны таза ұстап, қажетті кезде аяқ киімді тазалап тұру керектігін бізсіз де білесіз.
Аяқты таза ұстаңыз
Қаншалықты жауыр естілсе де, аяқты бір күнде бір рет сабындап жуып тұруыңыз керектігін айтуымыз қажет. Ал жуып болған соң аяққа арналған орамалмен, әсіресе башпай арасын жақсылап сүртуіңіз керек. Егер аяғыңыз жиі терлейтін болса салицил мен тальк сеуіп, дезодарант шашыңыз. Бұл құралдар бактерияларды өлтіреді. Сонымен қатар, аяқты шаймен, емен қабығымен, лимон қышқылымен және ас содасымен жуып-шайып тұрыңыз.
Тер көп жүріп, күннің ыстығы кезінде ғана шығады десеңіз де қателесесіз. Олармен қатар адамның стресстік жағдайларға да душар болуынан аяқ терлеп, жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Денеңіз терлеп, душқа түсетініңіз сияқты, аяқтың да терлеген кезінде жуып тұруыңыз міндетті. Ол үшін жұмыста киетін, үйде киетін аяқ киімдер мен шұлықтарды бөлек алып жүріңіз, оларды жиі ауыстырып тұрудан да ерінбеңіз.
Егер аяғыңыздың терлеуіне қарсы жасалған шаралардың ешқайсысы да пайда әкелмесе дәрігермен кеңесіп, қажетті препараттар сатып алыңыз. Жағымсыз иіс ауруға шалдыққанның көрсеткіші болуы да мүмкін.
Аяқ киімдегі шуаш иісті қалай тазарту керек?
Аяқ киімге көң иіс сіңіп қалғанда жалғыз гигиеналық шаралармен шектеліп қалуға болмайды, онымен бірге аяқ киім тазалығына да көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте аяқ киімнің ұлтарағын ауыстырыңыз. Ең көп бактерия сол ұлтарақта жиналады. Ал кейбір аяқ киімдерді: кроссовка мен кедаларды жууға да болады. Ал басқа аяқ киім түрлерін ылғал шүберекпен дұрыстап сүртіп шығыңыз.
Аяқ киімнің иісі қатты сіңіп, жәй ғана жуудан кетпей қойса сірке суын сумен араластырып біраз уақытқа салып қойыңыз. Марганец, сутек тотықтарымен, тіпті болмаса формидронмен ішкі бөлігін сүртіңіз. Етіктің шуашын кетіру үшін оның ішіне тотықты құйып, ол көбіктеніп болған соң төгіп тастап, кептіріңіз. Ал көк шайдың микроорганизмдерді өлтіретін қасиеті бар. Қайнатылған суға көк шай салындысын салып, аяқ киім ішін жуыңыз. Осы шаралардан кейін аяқ киімді жақсылап кептіріңіз. Мұсатырлы спиртпен де аяқ киімді тазалауға болады. Бірақ үй ішінде иіс болмауы үшін далаға барып тазалағаныңыз жөн.
Сулы процедуралардан бас тартсаңыз, құрғақ жасалатын тазалау әдістеріне сүйенсеңіз болады. Полиэтилен пакетіне аяқ киімді орап, тоңазытқыш ішіне салып, бір күн күтсеңіз де иіс кетуі керек. Бірақ лакталған аяқ киімдерді суыққа салуға болмайтынын ескеріңіз.
Таза ұстаудың амалдары
Әлдеқайдан келгеніңізде аяқ киімнің бауын ағытып, ашып қойғаныңыз жөн. Сонда оның ішіне ауа кіріп, жағымсыз иісті кетіретін болады. Сонымен қатар, бір аяқ киімді құтты күні кие бермеу де керек. Аяқ киімді шешкен соң оны бірден аяқ киім сөресіне немесе қорапқа салмаңыз. Шұлықты да кроссовка ішіне салып қоюға кеңес бермейміз.
Аяқ киімді күніне бір рет тазалап қойыңыз, тұратын сөресін де желдетіп, жуып тұрыңыз.
Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz
Аяқ киімнің жағымсыз иісін оңай кетіру жолдары
16:26, 15 желтоқсан 2016
1886

Дереккөз: massaget.kz
Тағы да оқыңыздар:
mail.kz
Аяқ терлеу. Аяқтағы және аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Аяқ терлеу.Аяқтан тердің бөлінуі табиғи процесс болып саналады, алайда кейбір адамдардың аяқтарының иісі ерекше жағымсыз шығады. Бұл кәдімгідей ыңғайсыздық тудырады – сіз осы үшін қатты уайымдай бастайсыз, аяқ киімііңізді шешуге ұяласыз, үнемі запаста нәски ауыстыруға мәжбүр боласыз және үнемі ваннаға қарай асығып тұрасыз. Егер сіз үшін аяқ киіміңіздің , аяғыңыздың сасық иісі маңызды проблемалардың бірі болып тұрса, онда біз сізге одан арылудың жолдарын көрсетеміз.
Аяқтағы жағымсыз иістің пайда болу себептері:
Аяқтағы жағымсыз иістің басты себебі қатты тершеңдік. Аяқта мыңдаған тер бездері бар, олар күніне 200 мл-ге дейін тер шығарады! Ал егер де сіз және де белсенді өмір салтын ұстансаңыз, үнемі спортпен айналысып, аяққа көп күш түсірсеңіз, олар тіпті терлейді. Негізі, бөлінетін тердің иісі жоқ, себебі тердің құрамында тек су мен тұз ғана бар. Сасық иістің көзі көбейетін бактериялар. Күні бойы барлық денеңіз терлейді. Себебі, біз үнемі жабық аяқ киім, нәски киеміз, бұл өз кезегінде бактериялардың таралуына қолайлы орта болып саналады.
Сонымен, жағымсыз иістің шығуына келесідей факторлар әсер етеді:
o жабық және табиғи емес теріден жасалған, ауа нашар өткізетін аяқ киім;
o синтетикалық нәскилер;
o өте күшті тер бөлуін тудыратын белсенді өмір салты;
o қосымша тер бөлінуін тудыратын күйзелістер, қорқыныштар, қозу, жүйке жүйелерінің аурулары; Жиі душқа түсу мүмкіндігінің, нәскиді ауыстырудың, аяқ киімді ауыстырып тұру мүмкіндігінің жоқ болуы.
Аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Аяқ киімді желдетіп тұру, жуу және кепттіру шараларын қарастыру қажет. Аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылу құралдарының бірнеше түрлері бар, оларпдың кейбіреуі халықтық әдістер.
o аяқ киімді далаға жайып қою;
o аяқ киімді спиртпен сүрту;
o аяқ киімді арнайы сусабынмен не арнайы құралмен жуу;
o аяқ киім үшін дезодарант пайдалану;
Қалай алдын алуға болады?
Осы проблемамен күресудің бірнеше ақыл-кеңестерін ұсынамыз:
1. Күн сайын нәски мен колготкиді ауыстырып тұру қажет, оларды бір күннен артық кимеу керек. Тіпті , олар таза болып көрінсе де, ауыстырып киіп тұрған дұрыс, себебі ақырындап шыққан иіс келесі күні күшеюі мүмкін.
2. Нәскиді тек табиғи тканьдерден ғана , мүмкіндігінше синтетикалық материалдары барынша аз таңдаңыз.
3. Бір аяқ киімді 3жылдан артық кимеңіз. Әрбір жыл маусымына кем дегенде екі аяқ киіміңіз болғаны дұрыс, себебі желдетіп тұрғанға жақсы.
4. Ұлтарақтың жайын да қамтамасыз етіңіз, жиі-жиі ауыстырып тұрыңыз және жуып тұрыңыз.
Осы проблема үнемі мазалайтындарға кеңестер:
1. Күн сайын аяғыңызды антибактериалдық сабынмен, бактериянларды өлтіретін сабынмен жуыңыз;
2. Табаныңызға тер бөлінуі дұрыс болуы үшін кремдер, құрғатушы ұнтақтар жағып тұрыңыз, мұндай кремдерді дүкендерден не дәріханалардан тауып алу қиын емес. Теймуров пастасын пайдаланып көріңіз, ол ұзақ уақытқа аяқтағы жағымсыз иісті кетіруге көмек береді.
3. Аяқтағы тер бөлінуін азайтатын дезодарант-антиперспиранттарын қолданыңыз.
4. Бор қышқылының ұнтақтарын, бүріккіштерін, тальктерді пайдаланыңыз;
5. Қатты тершеңдік кезінде аяғыңызды күн сайын марганцовканың күлгін-көк түсті ерітіндісімен жуып көріңіз не болмаса жылы сумен немесе күн сайын сірке суымен кішкентай ванна жасап көріңіз , мұны апта ішінде 15-20 минут жасасаңыз жеткілікті.
6. Түнде лаванда майын жағып қойыңыз, содан соң нәски киіп алыңыз да ұйықтауға жатыңыз. Лаванда майы бактериялардың көбеюіне ғана бөгет болып қоймай, жағымды иіс шығарады.
Ал егер де жоғарыда аталып кеткен кеңестер көмектеспесе ше? Мұндай жағдайда сізге дәрігерге көріну керек, ол аса тершеңдіктің себептерін анықтап береді және арнайы препараттар тағайындап береді.
загрузка…
kenester.kz
Аяқ киімнің жағымсыз иісін оңай кетіру жолдары
Аяқ киімнің жағымсыз иісін оңай кетіру жолдарыАяқ киімнің жағымсыз иісі айналаңыздағы адамдарға ұнамайтыны бесенеден белгілі, ал сіздің абыройыңыз сол иіс үшін де төмендеп қалуы бек мүмкін. Тіпті ең қымбат делінген аяқ киімдердің де жағымсыз иісі болады. Ал ыстық мезгілде бұл қауіп төне түседі.
Иіс неден пайда болады?
Жағымсыз иіс аяқ киім егесінің көп терлейтіндігінен шығады. Көп уақыт жаяу жүргенде немесе ыстық температурада ағза суықтап, қысымға түскен бұлшықеттер сөл бөледі. Адамның аққан терінің 98 пайызы судан, ал қалған екі пайызы тұз, қышқыл, микроэлементтерден, гормондар мен холестериннен тұрады. Осы құрамдар өздіген жағымсыз иіс шығара алмаса да, ылғалды жағдайда бактериялардың «құрбанына» айналады. Сөйтіп, тер аяқ киім мен шұлыққа жаман иісті жұқтырады. Аяқтың сасымауы үшін оны таза ұстап, қажетті кезде аяқ киімді тазалап тұру керектігін бізсіз де білесіз.
Аяқты таза ұстаңыз
Қаншалықты жауыр естілсе де, аяқты бір күнде бір рет сабындап жуып тұруыңыз керектігін айтуымыз қажет. Ал жуып болған соң аяққа арналған орамалмен, әсіресе башпай арасын жақсылап сүртуіңіз керек. Егер аяғыңыз жиі терлейтін болса салицил мен тальк сеуіп, дезодарант шашыңыз. Бұл құралдар бактерияларды өлтіреді. Сонымен қатар, аяқты шаймен, емен қабығымен, лимон қышқылымен және ас содасымен жуып-шайып тұрыңыз.
Тер көп жүріп, күннің ыстығы кезінде ғана шығады десеңіз де қателесесіз. Олармен қатар адамның стресстік жағдайларға да душар болуынан аяқ терлеп, жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Денеңіз терлеп, душқа түсетініңіз сияқты, аяқтың да терлеген кезінде жуып тұруыңыз міндетті. Ол үшін жұмыста киетін, үйде киетін аяқ киімдер мен шұлықтарды бөлек алып жүріңіз, оларды жиі ауыстырып тұрудан да ерінбеңіз.
Егер аяғыңыздың терлеуіне қарсы жасалған шаралардың ешқайсысы да пайда әкелмесе дәрігермен кеңесіп, қажетті препараттар сатып алыңыз. Жағымсыз иіс ауруға шалдыққанның көрсеткіші болуы да мүмкін.
Аяқ киімдегі шуаш иісті қалай тазарту керек?
Аяқ киімге көң иіс сіңіп қалғанда жалғыз гигиеналық шаралармен шектеліп қалуға болмайды, онымен бірге аяқ киім тазалығына да көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте аяқ киімнің ұлтарағын ауыстырыңыз. Ең көп бактерия сол ұлтарақта жиналады. Ал кейбір аяқ киімдерді: кроссовка мен кедаларды жууға да болады. Ал басқа аяқ киім түрлерін ылғал шүберекпен дұрыстап сүртіп шығыңыз.
Аяқ киімнің иісі қатты сіңіп, жәй ғана жуудан кетпей қойса сірке суын сумен араластырып біраз уақытқа салып қойыңыз. Марганец, сутек тотықтарымен, тіпті болмаса формидронмен ішкі бөлігін сүртіңіз. Етіктің шуашын кетіру үшін оның ішіне тотықты құйып, ол көбіктеніп болған соң төгіп тастап, кептіріңіз. Ал көк шайдың микроорганизмдерді өлтіретін қасиеті бар. Қайнатылған суға көк шай салындысын салып, аяқ киім ішін жуыңыз. Осы шаралардан кейін аяқ киімді жақсылап кептіріңіз. Мұсатырлы спиртпен де аяқ киімді тазалауға болады. Бірақ үй ішінде иіс болмауы үшін далаға барып тазалағаныңыз жөн.
Сулы процедуралардан бас тартсаңыз, құрғақ жасалатын тазалау әдістеріне сүйенсеңіз болады. Полиэтилен пакетіне аяқ киімді орап, тоңазытқыш ішіне салып, бір күн күтсеңіз де иіс кетуі керек. Бірақ лакталған аяқ киімдерді суыққа салуға болмайтынын ескеріңіз.
Таза ұстаудың амалдары
Әлдеқайдан келгеніңізде аяқ киімнің бауын ағытып, ашып қойғаныңыз жөн. Сонда оның ішіне ауа кіріп, жағымсыз иісті кетіретін болады. Сонымен қатар, бір аяқ киімді құтты күні кие бермеу де керек. Аяқ киімді шешкен соң оны бірден аяқ киім сөресіне немесе қорапқа салмаңыз. Шұлықты да кроссовка ішіне салып қоюға кеңес бермейміз.
Аяқ киімді күніне бір рет тазалап қойыңыз, тұратын сөресін де желдетіп, жуып тұрыңыз.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Пайдалы кеңестер
everything.kz